15.1 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
15.1 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӘЛЕМКоронавирус жұқтырған Украина президенті ауруханаға жатқызылды

Коронавирус жұқтырған Украина президенті ауруханаға жатқызылды

Украина президенті Владимир Зеленский мен оның Президент офисі басшысы Андрей Ермак «Феофания» ауруханасында ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Президент офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, ауруханада президенттің бейнебайланыс арқылы жиналыс өткізуі үшін жабдықталған арнайы кабинет бар.

«Ол оқшауланған палатада жатыр. Сәйкесінше онда арнайы байланыс орнаитылған», – деп атап өтті Подоляк.

Оның айтуынша, Ермактың жеке оқшауланған палатасы бар, бірақ арнайы кабинет емес.

«Феофаниядан» президент пен оның Кеңсесінің басшысы жұмысын жалғастыруда. «Оларда стандартты кесте бар. Жалғыз шектеу – оқшаулау, жанында ешкім жоқ. Яғни көмекшілердің ешқайсысы президенттің немесе кеңсе басшысының жанында емес, олар коммуникациялық офлайнда», – деп түсіндірді ол.

Еске сала кетейік, 9 қарашада Украина президенті Владимир Зеленскийге COVID-19 диагнозы қойылды. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Владимир Зеленскийдің тезірек жазылып кетуіне тілектестігін білдірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости