Жұма, Наурыз 29, 2024
2.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысЛауазымды тұлға ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Лауазымды тұлға ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бейнеконференцбайланыс арқылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылық құрамымен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Онлайн-кездесуге 124 өкілден тұратын Министрліктің ведомстволық бағынысты мекемелері мен кәсіпорындарының басшылығы да қатысты.

Қатысушылар кәсіпорын директорына және басқа тұлғаларға қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс аясында (ҚР ҚПК 200-бабының негізінде енгізілген) ұсынуды қарады.

Атап айтқанда, сотқа дейінгі тергеу барысында ауыл шаруашылығы саласында маманданған ұйымның басшысы жүйелі негізде басқа адамдармен бірге мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде аграрлық ғылымды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру әрекеттерін жасағаны анықталды.

Қылмыстық қудалау органының қорытындысына сәйкес құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайлар жоғары тұрған мекеме тарапынан ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне тиісті бақылаудың болмауы және лауазымды тұлғалардың нормативтік құқықтық актілердің талаптарын өрескел бұзуы болды.

Осыған ұқсас фактілерді болдырмау мақсатында кінәлі тұлғаларға қатаң тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау, бағыныштылардың тәртібі мен қызметіне бақылауды күшейту, қызметкерлер арасында тиісті алдын алу жұмысты ұйымдастыру, ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің талаптарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды уақтылы және сапалы жүргізу ұсынылды.

Кездесу барысында облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев кездесу қатысушыларға Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді түсіндірді.

«Өкінішке орай, биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсуі байқалады. Мемлекет жыл сайын көп бюджет қаражатын бөлетініне қарамастан, жосықсыз адамдардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері ауыл шаруашылығы саласының дамуын айтарлықтай тежейді. Сондықтан, басшыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша алдын алу жұмысын және бағыныштылардың қызметіне бақылауды күшейтуге шақырамын», -деп қорытындылады Мұрат Төлеубаев.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...