Жұма, Сәуір 19, 2024
15.8 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауҰлт саулығына баса мән берілсе...

Ұлт саулығына баса мән берілсе…

Праймериз қорытындысы бойынша Ақмола облысынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып белгіленген өз қызметі саласында үлкен тәжірибесі бар, өңірде танымал тұлғалар Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев,, «Орлёнок» ЖШС директоры Павел Безвербный және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев медицина саласының өкілдерімен кездесті. Өз сөзінде Асқарбек Сиязбекұлы өзі жетекшілік ететін ауданда денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына тоқталды.

Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерін баспанамен қамту жолға қойылған. Қазір басты мәселе жедел жәрдем көліктерімен қамту, оттегі баллондарын қосатын нүктелерді аудандық ауруханаға орнату жайлы айтты. Сонымен қатар балалардың денсаулығын жақсарту, спортпен шұғылданатын орындарды көбейту жайлы да айтты. Кандидаттың алға қойған мақсаты ауыл аймақты көркейту. Себебі 19 жыл бірнеше ауданды басқарып, ауыл тұрғындарының мұң мұқтажына әбден қанық.

Өзінің сайлауалды бағдарламасына «Орлёнок’ сауықтыру орталығының директоры Павел Безвербный балалар мен ересектер денсаулығын жақсартуға мүдделі. Себебі, елімізде ұлт саулығына баса мән беріп отыр. Кандидат осы мәселеге баса мән бермек.
Мәжіліс депутаттығынан үміткер Мәди Елубаев та өз сөзінде «Nur Otan» партиясы ның қатары жастармен толығып жатқанына тоқталды. Соңғы жылдары ауылға жұмысқа барып жатқан жас мамандарға 1 млн теңгеге дейін жәрдемақы төленіп отыр.

Сонымен қатар осы топырақтан түлеп шыққан медицина мамандарын жұмысқа тарту, оларға әкімнің сыйақысын тағайындау арқылы өңірде тұрақтап қалуына қолдау білдіру жолға қойылғанын атап өтті. Сайлаушылар тарапынан сөз алған облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров медицина мамандарының жетіспеушілігіне байланысты жастарға бөлінетін гранттарды ұлғайту қажет деді. Олар өз саласы бойынша білімін жетілдіріп отыруы тиіс.

Сондықтан заңға осындай толықтырулар енгізілсе деген тілегін жеткізді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Нариман Сыздықов кандидаттарды медицина саласы мамандарының жалақысын қайта қарау, әлеуметтік жағдайына баса мән беруге шақырды.

Көкшетау қалалық емханасының меңгерушісі Ғалия Сабатаева бүгінгі таңда қаланың 95 мың тұрғынына қызмет көрсететінін, олардың әр бірінің үйіне орта буын мамандары баратынын, сондықтан сондай мамандарға жағдай жасау керек екенін алға тартты. Қаңғыбастардың да мәселесін шешу керек деді ол өз сөзінде. Медицина мамандары ана мен бала денсаулығын жақсарту, балаларды сауықтыру орталықтарын қолжетімді ету, медицина мамандарын сапалы оқыту жайын қозғады. Кандидаттардан осы мәселеге ерекше назар аударуды сұрады.

Мақала ақысы «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Көкшетау қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...