8.3 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 17, 2022
8.3 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықМ.Балпан Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтады

М.Балпан Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтады

Құрметті Жарқайыңдықтар! Қымбатты жерлестер!

Сіздерді мәні мен мағынасы терең мереке – Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзгеше орны бар бұл атаулы күн – Қазақстанда тұратын барлық ұлттар өкілдерінің ана тілдеріне құрмет көрсететін ортақ мейрам.
«Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүние жүзі мойындап отырған елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
Тіл – халық игілігі, ол ұлттардың бірігуі мен топтасуына ықпал етеді, тәрбие құралы мен адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын арқау болып табылады. Тілдер күні – еліміздің барлық азаматтарының достығы, ағайындығы мен бірлігінің нышаны. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – жаңа Қазақстанды салудың басты тірегі.
Тіл — халық қазынасы, ұлттың жаны. Сондықтан ана тіліміздің келешегінің нұрлы болуына, мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне, оның әрі қарай дамуына бар күш-жігерімізді, біліміміз бен өнерімізді салуымыз қажет. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оны құрметтеу — әр азаматтың борышы. Сол үшін барша жерлестерімізді мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына өз үлестерін қосуға шақырамын.
«Тіл – достықтың құралы», туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат. Осы мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, бақыт, еңбекте табыс тілейміз. Елімізде әр ұлттың достығы мен бірлігі мығым болып, тіліміз жасай берсін!

Мұрат БАЛПАН,

Жарқайың ауданының әкімі.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости