-22.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-22.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021Мәдениет – халықтың рухани жан азығы

Мәдениет – халықтың рухани жан азығы

«Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер» дейді дана халқымыз. Мәдениет саласының үздігі ретінде осы сөз тіркесін жүрген жерімде жиі айтуға тырысамын. Атбасарлықтардың өнерімен өрге жүзіп, талай биіктерді бағындырғанын жергілікті халық жақсы біледі. Қазақта тағы бір тамаша мақал бар: «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді. Атбасар аудандық мәдениет үйінің сахнасында талай өнерпаз жандардың қанаты қатайып, өнер атты әлемге самғап ұшты.

Мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлі жастарды тәрбиелеумен қатар, түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысып, ауданның мерейін өсіріп, мәртебесін арттырып келеді. Көмейіне бұлбұл ұялаған әншілер, мың бұрала майыса билейтін бишілер, түрлі музыка аспаптарында шебер ойнайтын өнерпаздар аудандық мәдениет үйінің сәні десем артық айтпаймын. Аудан көлеміндегі барлық іс-шаралардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына атсалысып, әркез көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Олардың осындай жетістікке жетуіне әрдайым зор қолдау көрсетіледі. Осының барлығы да Тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін.

Мен – Тәуелсіз Қазақстанның тұрғынымын. Елімізде барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Бейбітшілік – біздің басты принципіміз. Ал этносаралық бірлік пен келісімді нығайту – Қазақстанның басты 7 жетістігі екені баршаңызға аян. Сондықтан да «Nur Otan» партиясына дауыс берейік! Жаңа жеңістерге бірге жетеміз!

Гауһар ДАИРОВА,

 мәдениет саласының үздігі

«Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости