Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
-0.3 C
Kokshetau
-0 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыМәдениет ошағы - ауылдың рухани айнасы

Мәдениет ошағы – ауылдың рухани айнасы

Целиноград ауданында мәдениет ошақтарының бүгінде атқарып жатқан шаралары толайым десек те болады. Мәдениетке көңiл бөлу және оның жағдайын жақсарту мәнi зор iс.

Өңірдегі мәдениет ошақтарының дерлігінің мақсаты мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, салт -дәстүрді және өнерді насихаттап, жандандыру жұмыстарын жүргізу, әр түрлі жанрлар бойынша фестивальдер, байқаулар өткізе отырып өнер шеберлерінің талантын шыңдау болып табылады.

Осы айтылған міндеттің барлығының орындалуына атсалысып жүрген ауданымыздың мәдениет үйлерінің жетістіктері де қуантарлық. Әр атқарылған істің астарында қаншама адамның еңбегі жататыны белгілі. Әсем безендірілген сахнада ән айтып, би билеу сахналық қойылымдар қою бір қарағанда оңай жұмыс болып көрінгенімен, онда қаншама адамның қажыр – қайраты, маңдай тері, ынта жігері, қолтаңбасы бар десеңізші.

Солардың бірі азғана уақыттың ішінде ашылған елорда іргесіндегі Талапкер ауылдық клубының жас өнерпаздарының өнері халықтың көңілінен шығуда. Бүгінгі күні ауылдағы мәдениет ошағында би, домбыра, фортепиано және вокал үйірмелері жұмыс атқаруда.

Үйірмеге қатысушы ауыл балалары. Сонымен қатар ересектерге арналған домбыра үйірмесі де баршылық. Жаңа мәдениет ошағының өнерпаздары шығармашылық белсенділік танытып, ашылғанына екі ай уақыт ішінде көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, тек қана ауыл сахнасында өнер көрсетіп қоймай, аудандық іс-шараларға белсенді қатысып, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде.

Ауылдық клубтың жас өнерпаздары елордада «Бәйтерек» кешенінде, Тұңғыш Президент мұражайында да өз өнерлерін көрсетті. Аталмыш клубтың белсенді меңгерушісі Гүлназ Қазболатқызы Бекмағамбетова тәжірибелі өз ісінің шебері. Ауыл жастарының өнерін шыңдауда, бос уақыттарын тиімді пайдалануда игі істер атқарып жатыр.

Қарттардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауылда «Әжелер тобы» да құрылған. Ақ жаулықты әжелердің әсіресе үйде отырған жас аналарға, оқушыларға ою оюдан, құрақ көрпе тігуден онлаин шеберлік сыныптарын өткізуде.

Ауыл мәдениеті – ұрпақтан-ұрпаққа сақталған салт-дәстүрі, қаймағы бұзылмаған ана тілі, құндылығы арта түскен қолөнерімен құнды. Осындай мәдениет ошақтары ауыл жастарының музыкалық және басқада да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалануда атқарып жатқан жұмыстарын ерекше атап өткен жөн.

Ауылдық клуб – ауыл тұрғындары үшін өте маңызды нысан. Мұнда көптеген іс-шаралар, онлаин концерттер өтіп, тұрғындарға мерекелік-көңіл күй сыйлайды.

Өнердің басым бөлігі ауылдан шығады. Дауысы таңдай қақтыратын әнші де, домбыраның құлағында ойнайтын күйші де ауылда. «Ауылдың алты ауызы» атанған өнерлі үлкендер де, талантты жастар да көп. Мәдениет ошағының жас өспірімдерді тәрбиелеуде маңызы өте зор.

Мұнда балалар өздерінің талантын шыңдайды. Үйірмелерде балалар тек қана жан-жақты үйреніп қана қоймай, рухани да дем алып қалады және қоғамдық шараларға өз үлестерін қосады. Барлық үйірмелерде тәжірибелі білікті мамандар жұмыс атқаруда.

Атап айтқанда домбыра үйірмесі жетекшісі Мендабике Хайруллакызы Уркумбаева, вокал үйірмесі жетекшісі Рашида Дабылханқызы Оспанбаева, Сурет салу үйірмесін жетекшісі талантты суретші Балтабек Рамазанұлы Рахымжанов, Тоғызқұмалақ үйірмесі жетекшісі, тоғызқұмалақтан Әлем чемпионы Фарида Махмудовна Ауесбаева т.б. Талапкер ауылдық клубының белсенді ансамбль мүшесі Нұрсағат Тайырқызы, Гульбаршын Орақбаева.

Талапкер ауылдық клубының үйірмелерінің талантты шәкірттері Ару, Сұлу Көпжасаровалар, Наргиз Бегалина, Назерке Бахытханқызы, Асылай Ертасова т.б. Жас өнерпаздар республикалық деңгейде ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының Республикалық «The Birth of a Star» онлайн фестиваль-байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Жақсы келін ырысың» атты аудандық деңгейде өткізілген келіндер сайысында Шырайлым Төкенова I орынға ие болды.

Үйірмелердің басым бөлігі онлаин форматта да өткізілуде. Клубта Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының эстрада жұлдыздарымен «Жұлдызбен жүздесу» онлайн кеші де ұйымдастырылды. Ауыл әжелері қолөнер

бұйымдарын әкеліп онлаин шебер-сыныптар өткізде. Солардың бірі ауылдың өнерлі әжесі Жұмабике Мухадиярқызы жастарға өзінің қолынан жасаған ұлттық нақыштағы көрпе, жастық, кестелерінің жасалу жолын, тәсілімен бөлісті. Мәдениет ошағында игі шаралар өз жалғасын табуда.

Ұлттық құндылықтарымыздың бастауы да мәдениетімізде. Ауылдың рухани бай мұрасы мен құндылықтарын, өнерін жас өскелен ұрпақтарға насихаттап, мәдениет ұлттың мәйегі екенің дәлелдеп, өскелең ұрпақты шыңдап келе жатқан Талапкер ауылы мәдениет ошағы ұжымына биіктерден көріне беріңіздер демекпіз!

Целиноград ауданы,

Дидар ОРАЛБЕК.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...