Жұма, Наурыз 29, 2024
2.2 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыМемқызмет істері агенттігі Волонтерлер жылы аясында 100-ден астам іс-шара өткізді

Мемқызмет істері агенттігі Волонтерлер жылы аясында 100-ден астам іс-шара өткізді

Өтіп бара жатқан жыл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша волонтерлер жылы деп жарияланған болатын.

Осы ретте, Халықтың мұқтаж топтарына көмек көрсету бойынша бүкіл республикалық бастамаларды қолдау үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2020 жыл бойы «Игі істер уақыты» акциясын өткізді.

Осы акция аясында мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағытталған волонтерлік және қайырымдылық іс-шараларына Агенттіктің қызметкерлері COVID-19 пандемиясы кезеңінде туындаған қиындықтарға қарамастан бірқатар іс-шараларды өткізді. Атап айтқанда:

– Ақмола облысы көпбейінді облыстық ауруханасы үшін оттегі концентраторы сатып алынды;

– сәбилер, қарттар үйлерінің аумағын және ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері үйлерінің аумақтарын қоқыстан және қардан тазарту жұмыстары жүргізілді;

– саябақтар мен скверлер, сондай-ақ аллеялар аумағында ағаш отырғызу бойынша экологиялық іс-шаралар өткізілді;

– су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсету қорына азық-түлік және қаражат жинау жүзеге асырылды;

– аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғыз басты зейнеткерлер үшін азық-түлік себеттері үлестірілді;

– «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқушыларға кеңсе заттары үлестрілді;

– «Донор күні» акциясы аясында мемлекеттік қызметкерлер қан тапсырды.

Жалпы алғанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің бастамасымен «Игі істер уақыты» акциясы аясында тұрғындарға қол ұшын созу бағытында жалпы саны 100-ге жуық іс-шара өткізілді.

Агенттік осындай іс-әрекеттер адамдардың көбісін игі бастамалардың жақтаушылары болуға ынталандыруы бағытында жасалған игі істерді кеңінен жария ету жөніндегі бастамаларды қолдайды, сондай-ақ алдағы уақытта да мұқтаж адамдарға көмектесуге бағытталған қызметті жалғастыратын болады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызмет.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...