Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
2.5 C
Kokshetau
2 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыМенің таңдауым даму!

Менің таңдауым даму!

10 желтоқсаннан бері саяси партиялардың үгіт-насихат науқанын бақылап жүрмін. Пандемияға байланысты қазір насихат жұмыстарының көбі шағын құрамдағы кездесулер форматында өткізіліп жатыр. Қауіпсіздік үшін дұрыс та шығар.

Есесіне онлайн форматта қызу жүріп жатыр. «Сегіз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» демекші, саяси партиялардың ішінде бұл сайлауға тыңғылықты дайындалып келген «Nur Otan» ғана. Қалғандары сайлауға дейін үнсіз жатып, тықыр таянғанда атауын өзгертіп, популистік ұрандарымен ұпай жинай бастады.

«Nur Otan» праймериз өткізіп, жұмысын жаңғыртты, құрамына сөзі мен ісі салмақты есімдері елге белгілі тұлғаларды қосты. Бір күндік науқан деп атүсті қарамады. Әр өңірдің тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдап, сайлауалды бағдарламасын әзірледі.

Көздеген мақсаттары осал емес, қаншама мектеп, балабақша, аурухана, жол, үй саламыз дейді. Сайлау өтер, жеңіске де жетер. Ең бастысы сол уәде етілген жаңа нысандардың салынуын, әсіресе облыстардағы, аудан мен ауылдардағы нысандардың сапалы салынуын, бөлінген қаржының талан-таражға түспей, ел игілігі үшін пайдалануға берілуін қамтамасыз етсе екен.

Оразалина Рысбике

Дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері

  «Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...