14.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Friday, August 19, 2022
14.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021Ән – арамыздағы алтын көпір

Ән – арамыздағы алтын көпір

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Біздің алдымызда елдігіміз сынға түсетін сындарлы шақ тұр. Еліміз дағдарыстан қуатты ел болып шығуы үшін қазірдің өзінде жақсы дайындық жасауда. 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткізілгелі отыр. Сайлау үлкен мәні бар саяси оқиға.

Осы бағытта жұмыс істегеннен кейін мен өзім алдымыздағы сындарлы сәтте еліміздің ынтымақпен сайлауға қатысатынына әбден сенемін. Біз осы бағытта, яғни, елдікті нығайтуға, бірлікті бекем етуге жұмыс істедік.

Өйткені, біз осы қадамымыз арқылы еліміздің ертеңгі күніне берік байлам жасап, болашағымызды таңдап әрі нығайтып отырмыз.

Мен өзім Целиноград ауданындағы тұратын халқыма өнеріммен қызмет етіп келемін.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев­пен талай мәрте ән салып, тіпті бейресми түрде оның жеке концертмейстері атану – мен үшін үлкен құрмет.

Баспаналы болуым да Елбасының арқасы деп білемін. ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағына өзі ұсынды, қанатының астына алып жүретін. Онысын өнерге деген риясыз махаббаты деп білемін.

Қазақстан – біздің ортақ үйіміз. Сондықтан да, Отанымыз бір, тағдырымыз бір. Құрметті ағайын! Еліміздің барлық қоғамдық бірлестіктері мен мәдениет саласының қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдарын, барша азаматтарды сайлауға қатысуға атсалысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын!

Амантай ЖҰМАШЕВ,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері,
Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық
қазақ музыкалық-драма театрының бас хормейстері

  «Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости