Ақмола облыстық ПД мәліметінше, жол апаты тамыздың 9-да сағат 12:10-да «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 179 шақырымында орын алған.
Белгілі болғандай, Көкшетауға бағыт алған «Шкода» автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) арақашықты сақтамай бір бағытта жүріп келе жатқан «Заз Шанс» көлігімен соқтығысты. Соның салдарынан «Заз Шанс» көлігіндегі 24, 27 және 29 жастағы үш жолаушы (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары) оқиға орнында көз жұмды. Ал, осы көліктің 23 жастағы жүргізушісі мен «Шкода» автокөлігінің 18 және 19 жастағы жолаушылары Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылды.
Қазіргі кезде, «Шкода» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі әс қозғалды.