Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
6.2 C
Kokshetau
4 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыНұр-Сұлтанда мұғалімдер аллеясы пайда болды

Нұр-Сұлтанда мұғалімдер аллеясы пайда болды

Бұл туралы қала әкімі Алтай Күлгінов инстаграм парақшасында жазды. https://www.instagram.com/p/CF4GwMFHMGs/?utm_source=ig_web_copy_link

«Ауа-райы құбылмалы елордада жасыл белдеу мен экологиялық аймақтар экологияны жақсартып қана қоймай, климаттық жағдайды жұмсартуға мүмкіндік береді. Көктемде және күзде қаланың барлық аудандарында ағаш отырғызумен айналысамыз. Саябақтарға, қоғамдық кеңістіктерге және аулаішілік аумақтарға ерекше назар аударамыз. Бүгін халық арасында Пирамида деп аталатын Бейбітшілік және келісім сарайының бойындағы Тұңғыш Президент саябағында ағаштар отырғызылды. Шараға еріктілер, қоғам қайраткерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Ұстаздар күні мерекесіне орай мұғалімдерімізге арнап арнайы аллея отырғыздық», – деді Нұр-Сұлтан әкімі А.Күлгінов.

Қала әкімі атап өткендей, биылғы жылы қалада отырығызылған аштардың саны 80 мыңнан асады.

«Тек осы демалыс күндері мыңға жуық ағаш отырғызамыз. Биыл отырғызылған ағаштардың жалпы саны 30 мыңнан, жасыл желектер – 80 мыңнан асады. Осылайша, қалада біртіндеп жасыл аралдар – экологиялық аймақтар санын көбейтудеміз. Өсімдіктерді сақтау мақсатында ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызуды екі есе көбейттік. Егер бұрын «беске бір» болса, қазір «онға бір». Карантин кезінде 15 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша бірқатар мәдениет, спорт және білім беру нысандарын жөндеуге кірістік. Қазір Бейбітшілік және келісім сарайына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда ғимарат бойымен отырғызылған ағаштар қазірдің өзінде бұл жерге жайлылық беріп тұр. Бірнеше жылдан кейін осы аймақта құрылған экологиялық аймақтар бірнеше есе көп болады», деп жазды А.Күлгінов.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...