12.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Friday, August 19, 2022
12.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӨҢІРЛЕРСтепногорскӨндірістік қалада су мәселесі шешімін тапты

Өндірістік қалада су мәселесі шешімін тапты

Степногорск қаласында қуаты тәулігіне 48 мың текше метрді құрайтын Сопка-305 су тазарту нысанында жүргізілген жаңғырту жұмыстары аяқталып, тұрғындарға сапалы ауыз су беріле бастады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жарты ғасырдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан технологиялық жабдықты ауыстыру суды тазартудың орташа тиімділігін 47 пайыздан 75,3 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Құрылыстарды қайта жаңартуда неміс өндірісінің прогрессивті технологиялары қолданылды. Резервуарларды басқару торабы, сондай-ақ, мембраналық технологияға көшумен сүзгі станциясы жаңғыртылды. Резервуарларға күрделі жөндеу жүргізілді. Сорғы станциясы салынды. Нысаның аумағы абаттандырылып, күзет пункті қойылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша кәсіпорында ауқымды апгрейд жүргізілді. Жұмыс құны шамамен 5,5 миллиард теңгені құрады. Осыған қарамастан 47 мыңнан астам тұрғыны бар өндірістік қала үшін тариф мөлшері өзгерген жоқ. 2018 жылы қолға алынған жоба толық жүзеге асырылғанша дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бақылауында болды.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости