15.1 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
15.1 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықҮнемі оқып, кәсіби деңгейді көтеру керек

Үнемі оқып, кәсіби деңгейді көтеру керек

Президент Қ.К. Тоқаев өзінің  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа сын-қатерлер жағдайында және постпандемиялық дағдарысты ескере отырып, мемлекет дамуының 7 басымдығын айқындады.  Бесінші басымдық – адами капиталды дамыту, білім берудің жаңа түріне инвестициялау болып анықталды. 

Бұл басымдықты іске асыру 2020 жылға қарай мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді 100 пайыз қамтуды қамтамасыз етуді көздейді. Бұл бағытта Көкшетау қаласында жаңа мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемелері салынып, жаңа жекеменшік мектептер мен балабақшалар ашылуда. 

Президент бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді көздейтін үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды. Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде бұл өте өзекті болып отыр. Әр адам өмір бойы өзінің кәсіби деңгейін арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруі керек. Бұл үшін көптеген мүмкіндіктер бар – Қазақстан мен әлемнің ашық университеттері жұмыс істейді (COURSERA, OPEN U, OPEN KZ танымал платформалары). Бүгінгі таңда қазақстандық университеттер кадрларды даярлау, қайта даярлау, кадрлардың біліктілігін арттыру және т. б. мақсаттарға көптеген заманауи курстар ұсына алады.

Мемлекет бүгінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауда. Кәсіпкерлердің жаңа толқынын дайындауға  басымдық беріледі. Келесі жылдан бастап «кәсіпкерлік негіздері» пәні білім берудің барлық деңгейлерінде  – мектептерден жоғары оқу орындарына дейін оқытылатын болады. Біздің университет өткен жылдан бастап стартаптарды дамытуға бағыт алды: осы ретте Стартап-Академия жұмыс істейді, студенттер мен оқытушылар «идеядан нәтижеге дейін» өз жобаларын іске асыра отырып, Start-Up-Pro байқауларына қатысады.

Президент өз Жолдауында  елді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жеке бағдарламалық құжаттың қажеттілігі туралы айтады. Оның бірінші кезектегі міндеті ұлттық деңгейдегі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ғылымды тарту болады. Тұтастай алғанда, Президенттің барлық бастамалары уақтылы, өзекті және реформалардың түпкілікті табысты болуына бағытталған деп білемін.

Айгүл ЖАҚЫПОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, ҚХАА жанындағы ғылыми-сараптамалық комиссия төрағасының орынбасары.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости