Сенбі, Сәуір 20, 2024
16 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБұланды«Nur Otan»-ды қолдау – болашақты ойлау!

«Nur Otan»-ды қолдау – болашақты ойлау!

Жұмыссыздар санын азайту, жергілікті жерлерде шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсетіп, дамыту, өндірістік кәсіпорындарды ашу арқылы халықты тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Осы және басқа да маңызды мәселелерді назарына іліп, бұландылықтармен жылы сұхбат құрған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткер Павел Безвербный үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда.

Қойнауы бай, төскейі құт Бұланды жеріне атбасын тіреген нұротандық үміткер партияның Бұланды аудандық аумақтық филиалында азаматтардың жеке қабылдауын жүргізіп, тұрғындар тарапынан көтерілген тұрақты жұмыс орнын табу мәселесін бақылауға алды.

Әрі қарай Павел Николаевич Макинск қаласындағы «Satti» супермаркетіне кіріп, ондағы қызметкерлер мен сатып алушылармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары жайында айтты. Бұландылықтар көрнекі үгіт-насихат материалдармен танысып, аудан қонағына ізгілік танытты.

Елдің көркеюі – ауылдың көркеюімен тығыз байланысты деген шындықты жадынан шығармайтын үміткер ауыл тұрғындарын да назардан қалдырмады. Сайлауалды насихат мақсатында ол Тоқтамыс және Вознесенка ауылдарынан барып, ауыл тұрғындарының мұңы мен мұқтажын тындап, барлық түйткілді мәселелер уақытымен өз шешімін табыры сөзсіз деп жігер берді. Өйткені, «Nur Otan» партиясы шалғайдағы елді-мекендерді де назарсыз қалдырмайтыны даусыз. Мәселен, «Nur Otan» партиясының Бұланды аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасына жүгінсек, 6 ауылдық елді мекенде 64 км сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту және 8 ауылда 64,5 км су құбырының құрылысы жоспарланып отыр.

 Жақсылықтың жаршысы болып, қарапайым халықтың күнделікті тіршілігімен танысайын деген Павел Николаевич Тоқтамыс ауылындағы көпбалалы Нұрмұхановтар отбасына барып, жағдайларымен танысты, ал Вознесенка ауылдағы көп жылдан бері көтеріліп жүрген көпір мәселесіне қолынан келгенше көмегін аямайтынын айтып, ауыл тұрғындарына адал еңбек пен болашаққа деген зор сенімі мен үміті үшін алғысын білдірді.

Бірлік бар жерде тірлік бар деген халқымыздың даналығын ескере, осындай боямасыз, еркін кездесулерден кейін қарапайым халық бір көтеріліп қалғандай болады, өйткені әрбір азамат өзіне деген қамқорлықты сезінуі абзал. Ал саяси беделі басым «Nur Otan» партиясы халық мүддесі үшін жұмыс жасауға дайындығын шын мәнінде дәлелдеген партия.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...