-23.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, November 26, 2022
-23.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021«Nur Otan» партиясы – барлығы үшін ашық

«Nur Otan» партиясы – барлығы үшін ашық

Целиноград ауданында үгіт-насихат жұмысы аясында Тасты, Жаңаесіл, Арайлы ауылдық округтері тұрғындарымен кездесу өтті.

Ақмола облыстық маслихаты депутаттығына кандидат Талғат Мақтайұлы Құлмағамбетов, аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар Сергей Александрович Ибряев, Азамат Жеңісұлы Қанапиянов, Еламан Серікұлы Касембеков, Жанар Науқанқызы Хасенова, Александра Николаевна Бутакова, Майра Жамбылқызы Нұрғалиева ауылдық округтер тұрғындарымен кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында өңірді дамыту бағдарламасы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстары, маңызды құжаттары, саяси белсенділігі толығымен көрсетілгені жайында түсінік беріп өтті.

Бұл мақсатта кандидаттар ауылдық округ тұрғындарының назарына «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысы жалғаса беретінін жеткізіп, партия барлығы үшін ашық екенін айтты.

Сонымен қатар ауылдық округ бойынша тұрғындардың тарапынан сауалдар қойылып, партияның жастарға білім, тұрмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті бастау тұрғысынан қолдау туралы ұсыныстары туралы пікір бөлісті. Кездесу барысында сайлауалды бағдарламада қамтылған аудан бойынша атқарылатын шаралар жөнінде де ескеріліп өтті.

Ауданда мал шаруашылығында, өсімдік шаруашылығында және өнімді қайта өңдеуде жаңа озық технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіп кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылатындығы да жеткізілді.

«Nur Otan» партиясы Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту міндетін қойып отыр. Ол үшін қол жеткізеді:құны 3 млрд. теңге «Wessar» ЖШС-нің көлемі 30 мың тонна элеватор құрылысын салу; қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде асыл тұқымды мал басын сатып алу; негізгі қорларды жаңарту, қазіргі заманғы жабдықтар мен техниканы лизингке сатып алу; импортты алмастыру жүйесін дамыту, өңіраралық байланыстарды дамыту, озық техникалық құралдар мен жаңа технологияларды кеңінен қолдану, ірі, орта және ұсақ өндірісті ұтымды үйлестіру, азық-түлік өндірушілері мен тұтынушыларының мүдделерін қорғау, мемлекеттің, бизнес пен ғылымның тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру жолымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды кеңейту қолға алынады.

Осы және басқа да шаралар 2025 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбек өнімділігін 1,5 есе 3,8 млн.теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаңаесіл ауылдық округінде ұйымдастырылған үгіт-насихат кездесуінің соңында кандидаттар тұрғындарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауда партияны қолдауға шақырды.

“Nur Otan” партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлауалды қорының қаражатынан төленді.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости