Сенбі, Сәуір 20, 2024
26.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЕгіндікөл"Nur Otan " партиясы-Білім беру сапасын жақсарту үшін.

«Nur Otan » партиясы-Білім беру сапасын жақсарту үшін.

Бүгін азаматтар «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.
Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттығына Кандидат, Егіндікөл №1 орта мектебінің директоры Динара Балтабаева «Есіктен есікке» форматындағы сайлау алдындағы үгітті жүргізді.

Акция барысында ауыл тұрғындарымен нақты уақыт режимінде сөйлесіп, толғандыратын мәселелер мен ықтимал шешу жолдарын талқылады. Тұрғындар қоғамның дамуы, экономиканың дамуы және «Nur Otan»партиясының көзқарастары туралы көптеген идеяларымен бөлісті.

Барлық деңгейдегі сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданның одан әрі дамуы үшін маңызды шарт болып табылады,-деп есептейді депутаттыққа кандидат Д. Балтабаева:
«Ауданда 8 мектепке дейінгі ұйым, 9 мектеп, 1 колледж жұмыс істейді. Үш ауысымды және апатты мектептер жоқ. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% – ды құрайды, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 87,3% – ға дейін артты. Барлық 9 мектепте 1-сыныпта оқитын 76 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сондықтан материалдық-техникалық базаны нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға баса назар аударылатын болады».

Білім беру сапасын арттыру үшін «Nur Otan» партиясы: 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтау және 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды қамтуды 92,9% – ға дейін ұлғайту жөнінде және 7 шалғайдағы шағын ауылдық мектептің штаттық режимде және 2 мектептің қашықтан (1-4 сыныптардан басқа) жұмыс істеуін ұйымдастыру міндеттерін қойып отыр. Қашықтықтан оқыту кезеңінде жеке компьютерлік техникасы жоқ оқушылар мен мұғалімдерге мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға беріледі (ағымдағы жылы 18 бірлік сатып алынды).

2021 жылы Егіндікөл, Спиридоновка ауылдарындағы 2 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге жәрдемдесу; педагогтердің 79% – ын аттестаттаудың жаңа жүйесімен қамту; 2025 жылға қарай мектеп бітірушілердің үлесін ұлғайту жоспарлануда
ҰБТ-да 100 және одан да көп балл, 17,6-дан 25% – ға дейін.

  • Біздің партия Егіндікөл ауданы тұрғындарының үмітіне сай болу, халықтың барлық жіктерінің мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.
    Біз Сіздерді аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетуге шақырамыз», – деді» Nur Otan » партиясының мүшесі Динара Балтабаева.

Ақмола облысы Егіндікөл ауданының «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...