Сенбі, Сәуір 20, 2024
26.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерБурабайNur Otan: кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, еңбек нарығы артып келеді

Nur Otan: кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп, еңбек нарығы артып келеді

«Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихатқа депутаттықтан үміткер Бибігүл Қуанышқызы Кушекова аудандық мәслихатқа депутаттығына үміткер Руслан Маратұлы Әбжанов, Зеленобор селолық округіне қарасты Мәдениет ауылына барып Ақтілек дәмханасында жергілікті тұрғындармен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

«Nur Otan» партиясының басты бағыты болып табылып, бүгінгі таңда оң нәтиже беріп отырған партияның нақты қадамдарымен таныстырып өтті. Алдымен облыстық мәслихатқа депутаттығына үміткер Бибігүл Қуанышқызы сөз алып «Nur Otan» партиясының келесі бағыт бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды. «400 бас күзен өсіру бойынша мал фермасының ашылуына» аталмыш округ бойынша жоспарланып отырғандығы жайында екжей-текжейлі баяндап берді. «950 басты 8 ет және сүт шағын ферма ашу және кеңейту» жоспарда тұр.

Осы бағытта мемлекет тарапынан қаржы бөлініп елдегі жұмыссыздық мәселесін жойып нақты қадамдарға бағыт алады,-деді өз сөзінде. Сонымен қатар нақты қадамға барып мақсат – мүддесінің орындалуына барынша күш салып елдің экономикасын көтеруге білек сыбана кірісіп жүйелі түрде табандылықпен жұмыс істеп, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп жатқан «Nur Otan» басты қағидасы елді-мекендегі тұрғындарды ауылшаруашылық айналымына көптеп тартып экономикалық тұрғыдан оң нәтиже көру жоспарын да толық баяндап берді.

Кездесуге жиналған мәдениеттілік тұрғындар өз сауалдарын облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бибігүл Қуанышқызына жолдап тұщымды жауаптар қайтарылды.

Келесі жарыссөзге шыққан аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Руслан Әбжанов сөз алып «Nur Otan» партиясының жұмысы жайлы толыққанды баяндап көпшілікпен өз ойын бөлісті. Партияның жеті бағытының бірі кәсіпкерлерді қолдау болып табылып отыр. «Еңбек бағдарламасы бойынша жыл сайын кемінде 20 грант пен шағын несие беру арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға» арналған бағдарламаны таныстырды. Кез-келген мемлекеттін басты байлығы ол адам. Егер халқы бай-қуатты тұрса, ол елдің ертеңге деген сенімі нығайып, оң нәтиже береді. Елбасымыз елімізге егемендік алып бергелі талай қиын кезеңдерден өтіп, өзінің сарабдал саясаты арқылы қиындықтан ақыл-парасатының арқасында елді алып шықты. Әлі де жетіспей жатқан жерлеріміз бар, жасырын емес. Ол үшін еңбек нарығында бәсекелестік арқылы өзімізді еңбекке баулып, неғұрлым

жасаған еңбегімізге қарай өнім алып болашақты кепілдендіру. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндікті нақты іспен, мұрат-мақсатын басты бағыт қылып алған «Nur Otan» партиясы жетекші партия ретінде, қазіргі таңда ауылдық елді-мекендерге аса көп бөліп, мұң-мұқтаждықты жойып жатыр. Қыруар жұмыстар атқарылда. Ел оны біледі. Әлі қанша ма жоспарымыз бар, соларды сіз болып, біз болып жұмылған жұдырықтай бірге атқаруымыз керек,-деп өз ойын көпшілікпен бөлісті.

Мәдениет ауылының тұрғындары алдағы сайлауда «жас келсе-іске» деп халық қалаулысынан үміткер болып отырған қос кандитатқа дауыс беріп «Nur Otan» партиясының бағдарламасын қолдайтындықтарын айтып өздерінің пайымды пікірлерімен бөлісті.

«Кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, еңбек нарығын қадағалап отырған» «Nur Otan» партиясының атыннан облыстық, аудандық мәслихаттан үміткерлерге ақжол сәт-сапар тіледі.

«NurOtan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...