Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
5.2 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАршалы"Nur Otan" партиясы: нақты істер,қысқа да нұсқа

«Nur Otan» партиясы: нақты істер,қысқа да нұсқа

Волгодонов селолық округінде Аршалы ауданы “ Nur Otan ” партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына  үміткер Ахимова Г.О және Қыдырбаева Т.Ұ ауыл халқына үгіт-насихат мақсатындағы жоспарлы кездесу өткізді. Кездесу барысында “Nur Otan” партиясының әлеуметтік саланы көтеру барысындағы басым бағыттарға тоқтала отырып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Ол мынадай басым бағыттардан тұрады:

1. Экономикалық тұрақты аудан.

2. Жайлы аудан.

3. Әлеуметтік-бағытталған аудан.

4. Жастарға арналған аудан.

5. Бай тарихы мен мәдениеті бар аудан.

6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.

7. Қауіпсіз ауданы.

«Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың осы 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.

     Ауыл тұрғындары тарапынан толғандырған мәселелер бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Соның бірі және бірегейі – жол мәселесі. Жол-әр аудан өмірінің басты күретамыры.  Ауданның барлық ауылдарында сапалы жолдар мен азаматтар үшін жақсы инфрақұрылым болуы тиіс.

     «Nur Otan» партиясы кентішілік және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай жергілікті жолдардың 50% – ын сапалы жөндеу.

                Бұл үшін «Nur Otan» партиясы мәселені шешетін болады:

  • 2025 жылы 3 елді мекендегі (Анар станциясы, Ақбұлақ ауылы, Берсуат ауылы) жалпы ұзындығы 19 км жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу;
  • 2022-2023 жылдары 6 ауылда (Жібек жолы, Волгодоновка, Разъезд, 42, Бабатай, Қойгелді, Қостомар), жалпы ұзындығы 50 км. кентішілік жолдарды жөндеуге қол жеткізуді мақсат етіп қойып отыр.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Аршалы ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...