Жұма, Наурыз 29, 2024
3.2 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңОблыстың аумақтық прокуратураларымен кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды

Облыстың аумақтық прокуратураларымен кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды

Степногор қаласының және Бурабай ауданының прокуратураларымен кәмелетке толмағандардың кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласында талдау жүргізілді.

Осы қызмет аясында денсаулық сақтау Мекемелері жыл сайын кәмелетке толмаған балаларды тегін медициналық тексеруден өткізуге міндетті.

Сонымен қатар, Степногор қаласында «Viamedis» ЖШС-нің қалалық емханасында, ал Бурабай ауданында «Бурабай аудандық емхана» ШЖҚ  МКК-да кәмелетке толмаған тұрғындарға бұл медициналық қызметті толық көлемде көрсетпегені анықталды.

Мысалы, Степногор қаласында 2021 жылдың өзінде медициналық тексеруге жататын 17 807 баланың ішінен емхана 7 246 баланы ғана қамтыды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 19 мыңнан астам кәмелетке толмаған балалардың конституциялық құқықтары қорғалды, сонымен қатар, емханаға бұзушылықтарды қысқа мерзімде жоюды және қаланың, ауданның барлық кәмелетке толмаған балаларын тегін медициналық тексерумен қамтамасыз ету міндеттелді.

Ақмола облысының баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...