Жұма, Сәуір 19, 2024
21.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерҚосшыҚосшы қалалық соты құрылып, судьялары тағайындалды

Қосшы қалалық соты құрылып, судьялары тағайындалды

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2021 жылғы 26 шілдедегі Жарлығымен Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола облысының Қосшы қалалық сотын құру және судьяларды тағайындау туралы» 2022 жылғы 8 ақпандағы Жарлығымен Қосшы қалалық соты құрылып, Мерзадинова Динара Сталбекқызы Целиноград аудандық сотының судьясы қызметінен, Халмырзаев Мұрат Мәуленұлы Бұланды аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, осы соттың судья қызметтеріне тағайындалды», – деді Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Қосшы қалалық соты – жалпы юрисдикция соты, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Жеті Жарғы көшесі, 2-үй мекен-жайы бойынша Целиноград аудандық сотының ғимаратында орналасқан.

Қосшы қалалық соты кеңсесінің телефоны: 8-716-51-30-202.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...