Жұма, Сәуір 19, 2024
13.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғам«Парасат жолы» Республикалық орталығының жетекшісі Ақмола облысының қоғам қайраткерлерімен кездесті

«Парасат жолы» Республикалық орталығының жетекшісі Ақмола облысының қоғам қайраткерлерімен кездесті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің «Парасат жолы» («Дорога добропорядочности») бірлескен жобасы аясында «Парасат жолы» республикалық орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барды.

Сапар барысында Сәдібек Түгел облыстық кітапхана ғимаратының бірінші қабатында орналасқан «Парасат жолы» өңірлік орталығымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған кітап көрмесімен танысты.

Кітапхананың коворкинг-орталығы базасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, журналист және жазушы Қайырбай Төреғожа, Көкшетау қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев және басқа да өңірге белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері қатысты.

«Ашық орталықтар азаматтық идеяларды, сондай-ақ қоғам қайраткерлерін, теологтарды, ақындарды, ғалымдарды және басқа да көрнекті тұлғаларды тарта отырып, түрлі ақпараттық-түсіндіру, әлеуметтік – тәрбиелік және волонтерлік жобаларды іске асыру алаңына айналатынына сенімдімін», – деп атап өтті іс-шара барысында Сәдібек Түгел.

Кездесуге қатысушылар Ақмола облысының барлық кітапханаларында ашылған «Парасат жолы» орталықтарының қызметі мәселелерін талқылап, қоғамдағы адалдық пен парасаттылық қағидаттарын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған тағы бір жоба.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...