Сенбі, Сәуір 20, 2024
24.2 C
Kokshetau
21 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарAMANATПартияның республикалық мобильді қабылдауы Астрахан ауданында болды

Партияның республикалық мобильді қабылдауы Астрахан ауданында болды

«AMANAT» партиясы шалғай орналасқан ауылдық елдімекендерде мобильдік қоғамдық қабылдауларды жүргізуді жалғастыруда. Осы жолы партияның республикалық мобильді қоғамдық қабылдау бөлімінің өкілдері Астрахан ауданының Колутон станциясында болып, ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелері бойынша қабылдады. Еске сала кетейік, бұл бастама партияны трансформациялау жұмыстарының азаматтармен кері байланысты күшейту тармағының аясында жүзеге асырылуда.

800-ге жуық тұрғыны бар Колутон станциясы тұрғындары үшін басты мәселе бұл жұмыссыздық. Екі қолға бір күрек таба алмай отырған ауыл тұрғындары бүгінде малмен күн көріп отыр. Сондықтан олар үшін жайылым мен шабындық жердің жетіспеушілігі өткір тұр.

«Бізде 450 бастай жылқы бар, 750 бас қара мал, қойдың саны 2200 дей боп қалады. Соған бізде жайылым жер жоқ. Жайылым жер жетіспейді халыққа, шабындық деген атымен жоқ. Су келген жылдары, су тасыған кездері өзеннің жағалауындағы шабындық жерге мал жаямыз, қалғанын шауып аламыз. Енді шабындық аз, қыста малды қалай асыраймыз деген уайыммен отырмыз»,- дейді барлық ауылдықтардың атынан сөйлеген тұрғын.

Астрахан ауданы әкімінің орынбасары Руслан Мұқановтың айтуынша, ауданда соңғы жылдары бос жерлердің аукционы өткізілмеген. Оған басты себеп, бос қалған жерлерді елді мекен халқының пайдалануына беру. Мәселен, өткен жылы 7,5 мың га, ал биыл 4 мыңға жуық га жер ауылдық округтерге қайтарылған.

«Соңғы жылдары бос қалған жерлер жекенің қолына тағы өтіп кетпесі үшін аукцион өткізіп жатқан жоқпыз. Ал босаған жерлерді ауылдықтарға қайтарудамыз. Мәселен, жуырда ғана Жарсуат жанындағы Ягодноеның жерлерін ауыл халқына қайтардық. Сондай жұмыстар әлі де атқарылады»,-дейді.

Қабылдау барысында ауылдықтар балабақша мен клуб ашу, ғаламтор жылдамдығын арттыру және ең төменгі зейнетақы мөлшерін арттыруға қатысты мәселелерді көтерді.
Балабақшаға келсек, бүгінде Колутон станциясындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол аяқталған соң, мұнда мектепке дейінгі балаларға арналған шағын орталық ашу мәселесі қаралады. Ауылдық округ әкімі Әскерхан Балғабаевтың айтуынша, ауылда сондай-ақ, екі көшенің жолдарына жөндеу жұмыстары қолға алынбақ. Жалпы, елді мекен тұрғындары өздері сайлап алған әкімдерінің жұмысына көңілдері толатынын айтады.

#AMANATпартиясы
#AMANAT_Aqmola

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...