Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
4.2 C
Kokshetau
3 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыПолиция қызметкері тұрғыннан 50 мың теңге пара алған

Полиция қызметкері тұрғыннан 50 мың теңге пара алған

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейнеконференцбайланыс режимінде Көкшетау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың себептері мен жағдайларын жою бойынша кездесу өткізді.

Онлайн-кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы ішкі істер органдарының жеке құрамына қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы негізінде енгізілген ұсынулар бойынша ақпарат жеткізді.

Мәселен, Қалалық полиция басқармасы бөлімшелері бірінің лауазымды тұлғасы қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны үшін азаматтан 50 000 теңге көлемінде пара алу үстінде әшкереленді. Өз кезегінде, пара беруші мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, айыппұл салуға жазаланды.

Сонымен қатар, Қалалық полиция басқармасының тергеушілері мен жедел уәкілдеріне қатысты күш көрсету және моральдық қысым жасау, салғырттық, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ құқық бұзушылықты жасыру фактілері бойынша қылмыстық істер аясында 8 ұсыну қаралды.

Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында заң бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылдау, ұжымда тиісті түсіндіру және алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, бағынышты қызметкерлердің жұмысына ведомстволық бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кейіннен оларды жою арқылы ішкі талдау жүргізу ұсынылды.

«Өкінішке орай, полиция органдарындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны азаймай тұр. Тек соңғы екі жылдың ішінде осы саланың лауазымды тұлғаларына қатысты облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде 76 қылмыстық іс болды. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мемлекеттік басқарудың беделіне нұқсан келтіріп қана қоймай, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын да бұзатынын түсіну қажет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік пен моральдық-адамгершілік қасиеттерді сақтау әркімнің мінез – құлқы нормасы болуы тиіс», – деп атап өтті аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев.

Айта кетейік, Департамент өткен мен ағымдағы жылдар аралығында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша полиция органдарына 82 ұсыну жіберді. Оның шеңберінде 31 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 7-еуі -қызметінен шығарылды, 11- і атқаратын лауазымынан босатылды.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...