-26.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, November 26, 2022
-26.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықПолиция жаяуды көлігімен соғып, артынша қашып кеткен жүргізушіні ұстады

Полиция жаяуды көлігімен соғып, артынша қашып кеткен жүргізушіні ұстады

Ақмола облысының ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы “Нұр-Сұлтан – Петропавл” автобанының 196 шақырымында орын алған. Бұл туралы Бұланды аудандық ПБ кезекшілікбөліміне 03.09.2020ж. түнгі сағат 23:30 -да 33 жастағы астаналық хабарласып, Макинск қаласының маңында ер адамның жатқанын айтқан.

Полиция анықтағандай, Шортанды кентінің 31 жастағы тұрғыны автобанды қиып өтпек болғанда көлік қағып кеткен. Ал, көлік жүргізушісі болса, зардап шеккенге көмектесудің орнына оқиға орнынан ізін суытқан. Ер адам  алған ауыр дене жарақатынан ауруханада көз жұмды. Сот-медициналық сараптама оның жол апатынан алған дене жарқатынан көз жұмғанын растады.

Алайда, қашқан жүргізушісі алысқа кетіп үлгермеді.  Жедел іздестіру шарасы барысында полиция 1971 жылғы ер адамды ұстады. Сонымен бірге,  өлген адамның қаны іздері қалған оның “Мерседес 709” көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты бірқатар сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345 және 347 баптары бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости