Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заң«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның маңыздылығы

«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңның маңыздылығы

Ағымдағы жылдың 5-ші қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жария түрде бірқатар заңдарға қол қойғаны баршаңызға мәлім. Осындай салтанатты түрде Президент Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңына қол қойды.

Бұл заң ең алдымен прокуратура органдары қызметінің құзыреттілігін, ұйымдастырылуын және тәртібін белгілейді.

Бірінші, осы Конституциялық заңның новелласы – Бас Прокурор жаңадан құрылған Конституциялық Сотқа Конституция нормаларын, халықаралық шарттардың және нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін түсіндіру жөнінде жүгіне алатын болады.

Сондай-ақ, Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот тәжірибесі мәселелері бойынша соттарға түсіндіру беру туралы ұсыныспен жүгіне алады.

Екінші, прокурорлардың қадағалау функциясын арттыру мақсатында жаңа прокурорлық акті – заң бұзушылыққа жол бермеу туралы заң түсіндіру енгізілді.
Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілеттімен өзара іс-әрекетте болады және оның қызметіне көмек көрсетеді.

Үшінші, прокурорлармен азаматтардың өтініштерін қарау тәсілдері өзгерді.
Осыған дейін көптеген шағымдар уәкілетті органдарға қарау үшін жолданып отырса, енді прокурорлар халықтың мәселелерін өздері қарайтын болады. Ол үшін прокурорлармен қаралатын шағымдардың тізімі кеңейтілді.

Азаматтардың өтініштері бойынша мемлекеттік органдар әрекетсіздік танытса, прокурорлар ықпал етіп, тиісті шаралар қабылдайды.

Бұзушылықтарды жоймау адамның өмірі мен денсаулығына нұқсан келтіретін болса, прокурор осындай арыздарды қарауға құқылы.

Сондай-ақ, егер адам физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларға және өзге де жағдайларға байланысты, өзінің құқықтарын қорғай алмаса, прокурор арыз/шағымдарды қарай алады.

Төртінші, прокурорлар, бизнес мүдделерін қорғау мақсатында, жеке кәсіпкерліктің қызметіне мемлекеттік, жергілікті өкілдік және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының араласуы туралы арыздарды қарай алады. Бұл ретте прокуратура өзге мемлекеттік органдардың функцияларын ауыстырмайды.

Бесінші, енді Конституциялық заңда мемлекет Басшысының Жолдауына сәйкес сотқа дейінгі тергеу функциясы пайда болды. Бұдан былай прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, қылмыстық қудалаудың заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Алтыншы, егер бұрын прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша, сондай-ақ заңда белгіленген өзге де жағдайларда жазбаша нұсқаулар берген болса, қазіргі таңда бұл нұсқаулар тізбесі едәуір дәрежеде толықтырылды: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеру жүргізу, атқарушылық іс жүргізу, жазаларды орындау, прокуратураның талап етуі бойынша жүргізілетін тексерулер, сондай-ақ прокуратураның мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу.

Жалпы, прокуратура туралы жаңа Конституциялық заңның қабылдануы, прокурорлардың адамның, мемлекеттің және бизнес субъектілерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауда прокурорлардың құзыреттілігі мен әлеуетін кеңейтетіндігі сөзсіз.

Прокурорлардың жұмысындағы басты бағыттардың бірі адамның құқықтарын қорғау екенін атап өткім келеді.

Бірнеше күн бұрын облыс прокуратурасы өңіріміздің 20 қала/аудандары мен 230 ауылдық округтерін қамтыған бір ай бойы жүргізілген «Заң керуені» акциясы аяқталды. Осы акция барысында заң түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, халыққа мүмкіндігінше сол жерде көмек көрсетілді.

Осы акцияға 30 мыңнан астам азаматтар қатысып, алименттерді өндіру, жерге қатысты, медициналық көмек көрсету, жұмыспен қамту сияқты мәселелермен келген 500-ге жуық азаматтарға нақты көмек көрсетілді.

Бұл прокурорлармен жасалып жатқан жұмыстың аз ғана бөлігі, біздің жұмыс азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауға бағытталғанын тағы бір мәрте атап өткім келеді.

Айдос Серікханұлы Майлыбаев,

Ақмола облысының прокуроры 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...