Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
10.2 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЦелиноградӘр тұрғынның сауалы ескерулі

Әр тұрғынның сауалы ескерулі

Целиноград ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында «Есіктен есікке» акциясымен үй-үйді аралап, тұрғындармен кездесті.

Еңбек ардагері Щербицкий Ананий Дмитриевич және ауған соғысы ардагері Иутин Николай Дмитриевичпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп берді.

Сонымен қатар акция шеңберінде қоғам қайраткері Ахтанов Канапия Мухамедияұлының, ұстаздар жанұясы Байжуманов Даньяр Маулетұлының шаңырағында, сонымен қатар тыл еңбеккері Ковальчук Вера Митрофановнаның үйлеріне барып, олардың тыныс-тіршіліктерімен танысты.

Кандидат бағдарламада қарастырылған алдағы уақытта ауданды дамытуға арналған жеті бағыт бойынша жұмыс жасайтынын айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.

Қысқаша тоқталар болсақ, ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауданның ішкі азық-түлік нарығының тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуін сақтауға іс-қимыл жасалатыны, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй – коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру жайлы сөз болды.

Түйінді мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатынын, партияның сайлауалды бағдарламасының өңірдегі оңтайлы істердің жобаларымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері маңызды екенін жеткізіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Акция аясында «Nur Otan» партиясының жобаларына да тоқталып, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді.

Өңірдегі ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер болып тіркелген кандидаттар да партияның сенімі мен үмітін ақтау үшін барынша үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру үстінде. Тұрғындардың басым көпшілігі партияның белсенді мүшелері екенін айтып, партияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...