Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
7.2 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңызды«Рухани жаңғыру» - ұлт сапасын арттырудың негізі

«Рухани жаңғыру» – ұлт сапасын арттырудың негізі

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген қоғам санасын жаңғырту мәселелерін орындауда облыстық ішкі саясат, білім, мәдениет, туризм басқармаларымен, аудандық, қалалық әкімдіктермен бірлесіп ағымдағы жылы  белсенді жұмыс жүргізді.

Пандемияға байланысты көпшілік аудиториялар жинау мүмкіндігі болмағанымен жағдайға бейімделім онлай режимде жоспардағы жұмысты барынша сапалы да түгел орындауға ден қойылды.

Жалпы Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қызметі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобаларының жүзеге асырылуына ұйымдастырушылық, ақпараттық-сараптамалық, әдістемелік қолдау көрсету, Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру және бақылау, Бағдарламаның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы мен республикалық және  өңірлік жоспардың орындалуын бағдарлау, жүзеге асырылып жатқан жобаларға сарапшылық баға беру, Бағдарлама қағидаттарын барынша ілгерілету, жүзеге асырылуына қатысты тәжірибелік ұсыныстар мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу сияқты басты жұмыс міндеттері негізінде іске асырады.

  Аталған міндеттерді орындау барысында Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің тікелей қатысуымен жыл басында әзірленіп бекітілген облыстық жоспар мен республикалық жоспар негізінде, оларда көрсетілген жобалардың концептуалдық ұстанымдары ескеріле отырып «Ақмола облысы «Рухани  жаңғыру» өңірлік  жобалық кеңсесінің 2020 жылға арналған жоспары» әзірленіп, Бағдарлама қағидаттары мен идеялық құндылықтарына қол жеткізу бағытында  орындалуы тиіс 27 жоба мен іс-шара жоспарланған болатын, дегенмен іс жүзінде Өңірлік жобалық кеңсе «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалары аясында түрлі форматты конкурстар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, өңірдің киелі нысандары бойынша сакралды турлар, жергілікті қаламгерлер кітаптарының тұсаукесерлері, брейн ринг түріндегі зияткерлік ойындар, онлайн айтыс, электрондық және аудио кітаптардың тұсаукесерлері, әртүрлі мазмұндағы бейнероликтердің түсірілімдері сияқты  37 жоба мен іс-шараны нақты іске асырды.

Ал жалпы облыс көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобаларын жүзеге асыру аясында төрт мыңға таман іс-шара өткізіліп, оларға бір миллионға жуық адам қатысты.

Мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдарды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына барынша тарту – Бағдарламаның өңірдегі идеялық және әдістемелік генераторы саналатын Өңірлік жобалық кеңсенің жұмысындағы айтарлықтай маңызға ие талаптардың бірі.

Мәселен, жыл басынан бері «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі ұйымдастырып келе жатқан әрқилы форматтағы байқауларды  өткізуде  облыс аумағында түрлі салаларда қызмет етіп жүрген  мамандардың атсалысуы жобалардың сапалық көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызды. Осылайша «Мен елімді сүйемін!», «Күй – өнер, өнер – өнеге» «Біз – Абай жолындамыз», «Су күлкісі сылдырлаған», «Ерте, ерте, ертеде…»  «Бабалар рухы – балаларға» байқауларына қатысушылардың артуы  аудандар мен қалалардағы мамандардың жұмысының нәтижесі.

         Жыл бойы өңірлік жобалау кеңсесі әзірлеген «Он дерек», «Замандас», «Жеті ата», «Қара шаңырақ», «Ырыздық», «Шеберлер», «Сіз білесіз бе?», «Ізгілердің ізімен», «Жақсылардың көңілі алтын сандық», «Ұяда не көрсең…», «Ақмола облысының таланттары», «Қазақ отбасының жылуы» жобалары аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдері арқылы әлеуметтік желілер арқылы қалың қауымға ұдайы таратылып отырды.

2020 жылдың ІІ жартысында  Бағдарламаның идеялық мазмұнын арттырған «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты» және «Құқықтық мәдениет» арнайы жобалары, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұлттық комиссия отырысында көтерілген «Экологиялық ағарту» жобасы іске қосылды. 

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының үйлестіруімен Бағдарламаның қағидаттары мен идеялық құндылықтарын ақпараттық ілгерілету аясында БАҚ және әлеуметтік желілерде кешенді жұмыс жүргізілді, конкурстық сипаттағы түрлі форматты іс-шаралар ұйымдастырылды, қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін зерделеу және даму тенденцияларын анықтау жұмыстары жүргізілді, Бағдарламаны жүзеге асырудағы жаңашылдықтар ескеріле отырып типтік жобалар, әдістемелік ұсынымдар әзірленді, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бағыттары мен арнайы жобалары бойынша жан-жақты ақпараттық-түсіндіру шаралары мен Өңірлік жобалық кеңсенің медиалық рейтингін көтеру бойынша жұмыстар іске асырылды, Бағдарлама стейкхолдерлеріне арналған диалогтық алаңдар құрылды.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына қызығушылық танытушы үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың Бағдарлама аясындағы жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсету, олармен жұмыс барысында тығыз байланыс орнату бағытындағы жұмыс та қолға алынды.

Бағдарламаны ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру бағытында өңірлік жобалық кеңсе 2020 жылдың ағымында «Егемен Қазақстан», «Арқа ажары», «Акмолинская правда», «Степной маяк», «Көкшетау», «Бұқпа» газеттері, «Kazinform», «Kokshetau Asia», «Aqmola news», «Бәйге ньюс», «Ruh kz» , «KoksheІnform, «716 kz» сияқты хабар таратушы агенттіктермен ақпараттық әріптестік орнатып, БАҚ-пен әлеуметтік желілерде 2000-ға жуық ақпараттық, танымдық және сараптамалық сипаттағы материал жариялады. Оның ішінде 120 материал республикалық және өңірлік мерзімдік басылымдар мен интернет басылымдарының үлесіне тиіп отыр.

Сонымен қатар биылғы жылы Өңірлік жобалық кеңсе «Көкше» облыстық телеарнасында өткен шаралар бойынша берілген жаңалықтардан тыс төрт арнайы бағдарлама шығарылымы мен 9 сарапшылық сұхбат көрсетілді. Бағдарлама құндылықтарын аудиоподкастинг арқылы ілгерілету аясында 19 аудиокітап әзірленіп, қаралым деңгейі жоғары республикалық сайттарда орналастырылды.

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жобаларын жүзеге асыру аясында 150 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілердегі «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің, ақпараттық агенттіктердің, мемлекеттік мекемелердің, тәуелсіз блогерлердің парақшаларында жарияланды.

Жоғарыда сипатталған медиалық рейтингті көтеру мақсатында жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі парақшасының жазылушылар саны 11 000 адамға жетті.

Жыл қортындысы бойынша өңірлерден жолданған есептер мен өңірлік жобалау кеңсесі тарапынан атқарылған жұмысты саралай келіп бағдарламаның арнайы жобалары бойынша өткізілген қомақты шаралардың басын қосып 20 минуттық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – жаңа қырынан» атты деректі-ақпараттық фильм жасалды.

         Сонымен қатар жыл бойы Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында игерілген әдіс-тәсілдер мен жинақталған тәжірибелерді қалыптастыру және тарату мақсатында Өңірлік жобалық кеңсе ағымдағы жылда іске асырылған жобалар бойынша 50 беттік әдістемелік жинақ әзірлеп шығарды. 

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес, келесі жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Ұлттық жаңғыру кезеңіне өтпек. Осы мәселеге байланысты Жол картасы даярлануда. Қоғамдық сананы жаңғыртуға, ұлт сапасын арттыруға, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға бағытталып биыл бастау алған бірқатар жобалар мен байқаулар оң нәтиже бергендіктен  оларды тұрақты түрде  келесі жылдары да ұйымдастыру көзделді. Яғни келер жылы атқарылатын келелі істер арта түспек.

Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» ӨЖК басшысы М. Жақыпова

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...