7.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Monday, October 3, 2022
7.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӨҢІРЛЕРКөкшетауҚұрыш қолды құрылысшы Қабақпай Жүнісов

Құрыш қолды құрылысшы Қабақпай Жүнісов

Көкшетау қаласындағы «Prime construction Ltd» ЖШС-нің құрылысшысы Қабақпай Жүнісов (суретте) құрылыс саласында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі құрылысшы.

Осыдан 20 жыл бұрын алғаш рет құрылыс алаңына келген ол бүгінде серіктестіктегі құрыш қолды құрылысшылардың алдыңғы легінен табылып келеді.

Облыс орталығындағы көптеген ғимараттарды салуға қатысып, қаланың көркейіп дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан құрылысшы өз мамандығын мақтан тұтады. Бүгінде өзі тәлімгерге айналған Қабақпай Жүнісов бай тәжірибесін кейінгі буынға үйретуден еш жалыққан емес.

Жылдың төрт маусымында құрылыс жұмысы бір сәт тоқтамайды. Жауын мен желдің өтінде тас қалау үшін де қажыр мен қайрат қажет.

Тұла бойында қоғам үшін қажетті осы бір мамандыққа деген ықыласы мол құрылысшы өз ұжымында адал еңбегінің арқасында зор құрметке бөленіп отыр.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости