Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
9.2 C
Kokshetau
11 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМедицинаСаңырауқұлақтан уланып қалмаңыз

Саңырауқұлақтан уланып қалмаңыз

Саңырауқұлақтар маусымының басталуымен әртүрлі саңырауқұлақтарды тұтыну туралы мәселе әлі де пікірталас тудырады. Қолайсыз экологиялық жағдайда жеуге болатын саңырауқұлақтар улы болуы мүмкін екеніне ерекше назар аудару керек. Саңырауқұлақтармен улану жағдайы өте жиі кездеседі және кейде өлім-жітіммен аяқталады, өйткені саңырауқұлақ токсині (улы) өте улы.

Саңырауқұлақтармен улану жеуге болмайтын саңырауқұлақтарды жегенде ғана емес, оларды дұрыс өңдемегенде және консервілегенде де пайда болады. Бұл ретте саңырауқұлақ уларымен уланудан басқа ботулизм токсинімен ауыр улануға  да ұшырауға болады!

Жалпы улы саңырауқұлақтарға бозғылт арамқұлақ, строчка, шыбынжұт жатады. Бозғылт арамқұлақ пен строчкаларды жегеннен кейін өлім-жітім жағдайлардың 24-54%-ында байқалады.

Ең улы саңырауқұлақ-құрғақ мезгілде бозғылт арамқұлақ. Бұл саңырауқұлақтардың уы бауырдың, көкбауырдың, бүйректің, асқазан-ішек жолдарының, тамырлардың, жүрек бұлшықетінің, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуын тудырады. Сонымен қатар, у ағзадағы көптеген биохимиялық процестердің бұзылуын тудырады.

Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті улы саңырауқұлақтармен уланудың алдын алу үшін бірқатар профилактикалық шараларын сақтауды ұсынады:

– тек жақсы білетін саңырауқұлақтарды жинаңыз;

– шикі саңырауқұлақтардың дәмін татпаңыз;

– ылбыраған, шіріген, божыраған және бүлінген саңырауқұлақтарды жемеңіз;

– жиналған саңырауқұлақтарды ағынды суық сумен алдын-ала жуыңыз, жібітіңіз, қайнатыңыз және сорпаны ағызыңыз (одан саңырауқұлақ сорпасын пісірмеңіз);

– саңырауқұлақтарды термиялық өңдеу үшін мырышталған және қалайы ыдыстарды қолданбаңыз;

– жиналған саңырауқұлақтарды өңдеусіз 24 сағаттан артық сақтамаңыз.

Ботулизмнің алдын алу үшін саңырауқұлақтарды консервілеу кезінде жеткілікті мөлшерде тұз бен сірке суын қосу керек, банкаларды герметикалық түрде жабуға болмайды.

Улы саңырауқұлақтарды улы емес саңырауқұлақтардан ажыратуға болатын бірде-бір сенімді белгі жоқ.

Уланудың алдын алу үшін сақталатын негізгі ереже – бейтаныс саңырауқұлақтарды жинамау.

Тәуекел етпеңіз! Есіңізде болсын, тәуекелдің бағасы-өмір!

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...