24.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Saturday, August 13, 2022
24.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойҚОҒАМСапалы есеп – сапалы жұмыс негізі

Сапалы есеп – сапалы жұмыс негізі

Халықтың денсаулық сақтау саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттануы ерекше өзектілік пен әлеуметтік маңыздылыққа ие болды. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдайларды сақтау, олардың толықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасында бейнеконференция байланысы арқылы медициналық мекемелердің жауапты қызметкерлерімен жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтерді ұсынудың проблемалық мәселелері туралы Департамент басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді. Атап айтқанда, медициналық ұйымдар ішкі бақылау бойынша дұрыс емес және ұқсас емес есептік деректерді ұсынады, бұл кейіннен проблемалық мәселелерді анықтауға және жалпы жұмысты жақсартуға кері әсер етеді. Сондай – ақ, әлсіз ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, ресми интернет-ресурстарды сапасыз жүргізу сияқты кемшіліктер де бар.

Жалпы, денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың медициналық мекемелері мемлекеттік қызметтің 27 түрін көрсетеді. 2020 жылы олармен 4 млн. 896 922 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабек қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын құру бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабардар етті. Бүгінгі күні облыстың медициналық мекемелерінде 32 бұрыш жұмыс істейді, онда кез келген азамат электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады.

Азаматтар медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемаларға тап болған жағдайда, олар барлық медициналық мекемелердегі науқастарды қолдау қызметіне жүгіне алады. Қолдау қызметтерінің телефон нөмірлері медициналық мекемелердің бірінші қабаттарында орналасқан.

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости