Сейсенбі, Сәуір 23, 2024
12.2 C
Kokshetau
18 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамСапасыз мемлекеттік аудит негізсіз қылмыстық қудалауға алып келеді

Сапасыз мемлекеттік аудит негізсіз қылмыстық қудалауға алып келеді

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы онлайн режимінде Ішкі мемлекеттік аудит аумақтық департаментінің өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын қарау бойынша кездесу өткізді.

Қатысушыларға ҚР ҚПК-нің 200-бабы негізінде енгізілген ұсыну шеңберінде мемлекеттік аудит органдары қызметкерінің тексеруді тиісінше ұйымдастырмау және жүргізу фактісі бойынша ақпарат жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы атап өткендей, бұрын анықталған залалдың сомасын тергеу барысында растамағаны үшін мемлекеттік аудиторлық тексеру актілері негізінде тіркелген қылмыстық істердің бір бөлігі ақтайтын негіздер бойынша тоқтатылады.

«Қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселесі құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Азаматтарды негізсіз қылмыстық қудалауға болмайды, өйткені бұл адамдардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін бұзады. Сондықтан, мемлекеттік аудиторлар тексерулерді жүзеге асыру кезінде жоғары кәсібилік, объективтілік және сатылмаушылық танытуы қажет», – деп атап өтті кездесу барысында облыс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат Төлеубаев.

Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамадағы маңызды өзгерістерді түсіндірді.

Алдағы уақытта осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшылығына бағыныштылардың қызметіне тиісті бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұжымға аудиторлық қорытындыларды сапасыз жасағаны үшін тиісті жауапкершілікке тарту туралы түсіндіру ұсынылды.

Динара Нұртаз,

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз хатшысы.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...