Жергілікті тауар өндіруші жақында есігін ашқан “Алина” наубайханасына ет павильонын ашып, өз қызметін кеңейтті.
Салтанатты түрде аудан әкімі Гайдар Қасенов кәсіпкер Александр Юрьевпен бірге шағын бизнестің жаңа нысанын ашып, қызыл лентаны қиды.
Бұл іс-шара тек аудан орталығының ғана емес, бүкіл ауданның тұтынушылары үшін үлкен сыйлық болды. Бүгінде мұнда 6 жұмыс орны ашылды.
– Бизнес – бұл тұрақты дамуды талап ететін құрылым. Мен ауыл тұрғындарына жаңа және сұранысқа ие тауар бергім келді. Менің ойымша, қолымнан келді”, – дейді Александр Юрьев.
Болашақта кәсіпкер сатылатын тауар көлемін ұлғайтып, кондитерлік цех ашуды жоспарлап отыр.