-22.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-22.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықӘскери қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа басымдықтары түсіндірілді

Әскери қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа басымдықтары түсіндірілді

Құқық қорғау жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамымен кеңес өткізді.

Кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы кездесуге қатысушыларды Ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы басым бағыттар туралы хабардар етті.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту қажеттігін атап өтті және алдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жариялады. Жолдау аясындағы негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар келесіні қамтиды. Біріншіден – сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту. Ең алдымен, бұл – құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға қатысты. Екіншіден – 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелде банк шоттарын иеленуге тыйым салуды енгізу. Үшіншіден – азаматтар мен жұртшылық өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту мақсатында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы», – деді Мұрат Төлеубаев.

Сондай-ақ, спикер өткен жылдан бастап бағынышты қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін, сондай-ақ өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдамағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілік институты заңды түрде енгізілгенін және қолданатынын еске салды.

Кеңес барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы әскери ортада сыбайлас жемқорлық алдын алудың, шақыру комиссиясының жұмысын күшейтудің, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау ашықтығына баса назар аударды.

Бұдан басқа, әскери қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.

Кездесу соңында халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру мемлекетке әскери қызмет атқаратын әрбір адам үшін басты бағдар болуға тиіс екендігі атап өтілді.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости