Сенбі, Сәуір 20, 2024
26.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаАдам және заңСотталған адамдардан сот үкімі бойынша залалды өндіру тәжірибесі

Сотталған адамдардан сот үкімі бойынша залалды өндіру тәжірибесі

Соңғы жылдары қылмыспен келтірілген залалдың өсу үрдісі байқалады.

Есептік деректерге сәйкес сотталғандардың 80 пайызында сот үкімі бойынша талаптары бар, алайда өндіріп алу борышкерлердің тек 56 пайызында ғана жүргізіледі.

ҚАК-нің 122-бабының талаптарына сәйкес сотталғандардың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақыларынан және өзге де табыстарынан атқару парақтары немесе басқа да атқару құжаттары бойынша сомаларды ұстап қалу көрсетілген табыстардың жалпы сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде жүргізіледі. Ұстап қалғаннан кейін қалған сома ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шотына аударылады.

Айта кету керек, барлық сотталғандар ақылы жұмыспен қамтамасыз етілмеген, дегенмен көпшілігінде ақшаны уақытша орналастырудың бақылау шоттары бар.

Көп жағдайда сот орындаушылар атқару парақтарын тек сотталғанның жалақысынан ұстап қалу үшін жіберумен шектеледі. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның (әрі қарай – Заң) 32-бабының нормаларында көзделген атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар (сотталғанның не өзге жеке немесе заңды тұлғалардың ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, борышкердің мүлкіне тыйым салу арқылы) қабылданбайды.

Жекелеген сотталғандардың атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша шектеулердің болмауы салдарынан дүкендерден тауарлар сатып алуға үлкен сома жұмсалып жатыр.

Мысалы, сотталған Б. 938 978 теңге сомасында талап қою өндірісі бола тұра (51 651 теңге ғана өтелді) 2020-2021 жылдары бақылау шоты арқылы 425 530 теңге жұмсаған, яғни талап қою сомасының жартысы.

Осыған ұқсас фактілер басқа сотталғандарда да бар.

Негізінен сотталғандардың осы табыстары туыстарынан келген ақша аударымдарынан тұрады.

Жазаны атқарушы органдар Заңның 98-бабына сілтеме жасай отырып, туыстарының көрсетілген ақша аударымдарын өндіріп алмайды.

Дегенмен ҚАК-нің 115-бабының нормаларына сәйкес сотталғандар тамақпен, бірінші кезекте қажетті заттармен, жеке жатын орындармен және төсек-орын жабдықтарымен, жынысы мен климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусым бойынша киіммен, іш киіммен және аяқ киіммен бюджет қаражаты есебінен, яғни мемлекеттің материалдық қамтамасыз етілуімен қамтамасыз етіледі және материалдық көмекке мұқтаж емес.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Ақмола облысы прокуратурасының бастамасы бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32, 55-баптарына сәйкес сот орындаушысына атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық жазасын өтеп жатқан сотталған борышкерлердің шотына өзге адамдардан түсетін ақшалай қаражатты өндіріп алуға тыйым салынбайтыны туралы түсініктеме берді.

Қазіргі уақытта аталған жұмыс Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде жүргізілуде.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...