8.3 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 17, 2022
8.3 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүргізіледі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүргізіледі

Сыбайлас жемқорлық демократиялық институттардың тұрақтылығына және қоғамның моральдық ұстанымдарына елеулі қатер төндіреді, сондай-ақ экономикалық дамуды қиындатады және тиімді мемлекеттік басқару қағидаттарына нұқсан келтіреді.

Сондықтан да Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл және Заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүйелі және дәйекті іске асыру – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі түйінді міндеттер.

Бағдарламалық құжатта Мемлекет басшысы қоғамдық бақылау, нормативтік-құқықтық актілерді сараптау, бағынышты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкаға кету институты, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есеп берушілігінің қағидаттары, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, судьялар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер сияқты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шараларын жаппай қолдануды басты назарға алады.

Сонымен қатар, Жолдауда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайтуды енгізу белгіленген. Сонымен бірге сотталған жемқорларды мерзімінен бұрын шартты түрде босату күшін жоюды, сондай-ақ, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін айыппұл төлетуді мен осы қылмыстар жасағаны үшін қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазаны өтеу тоқтатуды енгізу белгіленген.

Осылайша, алдын алу шараларымен қатар, Заңның үстемдігі және сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттарын сақтау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлілер атқаратын лауазымы мен мүліктік жағдайына қарамастан, сөзсіз әділ жазаға тартылатындығы куәландырады.

Бұл ретте, Ақмола өңірінің қылмыстық статистикасы көрнекі мысал бола алады, онда есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық үшін 57 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 17 – сі-республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар басшылар.

Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүйелі сыбайлас жемқорлықтың бірқатар фактілерінің жолын кесті, онда 20 адамды тарта отырып, 32 қылмыс тіркелген. Оның ішінде лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке араласу, сондай-ақ «көлеңкелі экономика» субъектілеріне қамқорлық жасау фактілерімен байланысты қылмыстар. Ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша мемлекетке өтелген залал сомасы 500 миллионнан астам теңгені құрайды.

Қорытындылай келе, Мемлекет басшысы белгілеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды іске асыру шеңберінде біз тиісті жұмыс жүргізетінімізді атап өткім келеді.

Қанат ЖАНЫСБАЕВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости