Жұма, Сәуір 19, 2024
17.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерЖақсыСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Жақсы ауданында болды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Жақсы ауданында болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың Ақмола облысының Жақсы ауданына жұмыс сапары аудандық Орталық аурухананы аралаудан басталды.

Жақсы ОАА құрылымында 1 емхана, 3 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 19 медпункт жұмыс істейді. Жақында мұнда ғимараттың қасбеті мен баспалдақ аралықтарына күрделі жөндеу жүргізілді, ал ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 220 млн.теңгеге медициналық жабдықтар сатып алуға қаражат бөлінді.

Бұдан кейін Олжас Бектенов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімінің жұмысын таныстырды, онда күн сайын 150-ге жуық адам қабылданады.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары аудандық «Сервистік әкімдікке» барып, онда азаматтарға қолайлы қызмет көрсету үшін қандай жағдайлар көзделгенін және ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ТКШ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік қызметтер мамандардың қалай ұсынатынын танысты.

Олжас Бектеновтің жұмыс сапары барысында өңір тұрғындары оған ауыл шаруашылығы саласындағы және заңнаманы түсіндіруге қатысты мәселелер бойынша жүгінді. Қабылдау қорытындысы бойынша азаматтар сұрақтарға тиісті жауаптар алды.

Сонымен қатар, сапар аясында Агенттік басшысының бірінші орынбасары Т.А. Уалиев атындағы Спорт мектебін аралап көрді, оның базасында бокс, грек-рим күресі, волейбол, баскетбол және футбол сияқты спорт түрлері дамытылады. Мектепке әуесқой бокс федерациясының вице-президенті Батырбек Уәлиев демеушілік етеді. Айта кетейік, Олжас Бектенов – Ақмола әуесқой бокс федерациясының президенті.

Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко спорт мектебі жаттықтырушыларының бірі болып табылады, ол осы күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасарымен кездесу кезінде өскелең ұрпаққа дене тәрбиесі арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дарытуға қосқан үлесі туралы айтып берді.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...