15.1 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
15.1 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021Таңдаудан қателеспеу қажет !

Таңдаудан қателеспеу қажет !

Мен ешбір саяси партияның мүшесі емеспін. Бірақ алдағы сайлауда бір партияға дауыс беруім керек. Осы елдің азаматы болған соң, сайлауға барып дауыс беру азаматтық борышым ғой.

Басты сұрақ – қай партияға дауыс беремін?  Әлеуметтік желіде бәрі белсенді, бірақ іс жүзінде қалай болар екен деп бес партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып шықтым. Бір-екі атауын өзгерткені болмаса, бағдарламалары сол баяғы сарында.

Құрамына елге белгілі адамдарды қосып алып (пиар үшін) қырамыз-жоямыз деп уәдені үйіп төгіп жатыр. Бірақ ондай уәденің талайын естіп, аузы күйген халықтың, құрған сөзге сене қоюы екіталай. Бұл сайлауға түсіп жатқан партиялардың ішінде тыңғылықты дайындалып, әр қадамын есептеген «Nur Otan» партиясы ғана ма дедім. Праймериз өткізіп “Nur Otan” саяси салмағын бекемдеп алды.

Таза бәсекелестік пен ашық дауыс берудің арқасында құрамына қоғамдағы салмақты тұлғаларды қосты. Алдағы сайлауда партия білім мен медицина сапасын арттыру, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау, баспанамен қамтамасыз ету, мүгедектерге шексіз қоғам қалыптастыру, ауылдың тұрмысын көтеру және т.б. өзекті мәселелерді шешуді көздеп отыр. Өз басым балалардың бақытты, әйелдердің табысты, жастардың білімді әрі болашағына сенімді болғанын қалаймын. Сондықтан, сайлауда билеуші партияға дауыс беремін деп отырмын.

Мұхамет Асаинов

ҚР Мәдениет қайраткері

«Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости