Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
3.2 C
Kokshetau
5 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарМаңыздыТанымал шаңғышы Бурабай маңында жол апатынан көз жұмды

Танымал шаңғышы Бурабай маңында жол апатынан көз жұмды

Танымал қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпаратт тілшісі.

Қазақстанның шаңғы жарысының ұлттық федерациясы Instagram -дағы парақшасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботько қайғылы оқиға салдарынан көз жұмғаны хабарланды.

«Барша спорт қоғамдастығы атынан Николайдың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазды федерация өкілдері.

Сонымен қатар Olympic.kz сайтында әлем чемпионатының қола жүлдегері 38 жастағы Николай Чеботько 24 қаңтарға қараған түні Бурабай ауылы маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмғаны хабарланды.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады», – деп жазылған сайтта.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарының қатысушысы. Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Николай Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енген. Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...