26.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
26.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойҚАЗАҚСТАНТараздағы үлкен тойхана азық-түлік дүкеніне айналды

Тараздағы үлкен тойхана азық-түлік дүкеніне айналды

Тараз қаласындағы «Аяулым» мейрамханасының орнынан «Дәмді себет» сауда орталығы ашылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұмысын енді ғана бастаған сауда орталығына келушілердің қарасы қалың. Ондағы азық-түлік бағасы да нарық бағасынан төмендеу екені байқалады.

Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, қазіргі таңдағы пандемиялық ахуалға байланысты мейрамханалар мен ресторан бизнесі тоқтап тұр. Бұл көптеген кәсіпкерлерді табысынан қаққаны жасырын емес.

«Олардың банктер алдында берешектерінің барын ескеріп, одан шығу жолдарын ұсынудамыз. Мәселен, Тараз қаласында мұндай 67 мейрамхана бар екен. Өз ғимаратын «Дәмді себет» сауда орталығын жасауға жалға беріп отырған бірден-бір мейрамхана – «Аяулым». Ол бұрын тойхана, бір жағы ресторан еді. Енді азық-түлік дүкеніне айналды. Бұл – Тараз қаласында ғана жалғасып жатқан іс-шара емес, Қазақстан бойынша қолға алынған бастама», – деді басқарма басшысы.

Аталған сауда орталығы операция залының директоры Шолпан Олжабекқызы мұнда 5 мың тауар түрі өткерілетінін жеткізді. Сонымен қатар, екі аптада бір рет бір затқа бір зат қосып беру акциясын өткізу жоспарлауда. Кейбір азық-түлік бағалары 10-30 пайызға жеңілдетілген. Жалпы сөрелерге қойылған өнімнің басым бөлігін отандық тауарлар құрайды. Сондай-ақ мұнда сауда желісінің өз наубайханасы, торт пісіру цехтарының өнімдері де саудаланады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости