-22.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-22.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӘЛЕМУхань базарларының бірінен тырысқақ вибрионы табылды

Ухань базарларының бірінен тырысқақ вибрионы табылды

Ухань қаласындағы (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) Байшачжоу базарындағы өзен өнімдерін сату бөлімдерінен тырысқақ вибрионы табылды. Бұл туралы жергілікті ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәлімдемесіне сілтеме жасап The Paper басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басылымның хабарлауынша, осы сәрсенбіде Уханьдағы Байшачжоу базарындағы өзен өнімдерін сату бөлімінде ішек инфекциясының қоздырғыштарына сынама алу барысында тырысқақ вибрионы анықталған. Байшажоу базарының бөлімдері уақытша жабылды.

Анықталған тырысқақ вибрионынан базар қызметкерлеріне инфекция тарамаған. Бұл вибрионның сынамасы жақында тіркелген Ухань университеті студентінің тырысқақ ауруымен байланысты емес екендігі атап өтілді.

Фото: st1.uvnimg.com

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости