Жұма, Наурыз 29, 2024
1.3 C
Kokshetau
1 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаТөтенше жағдайЗеренді ауданында қатты жел 8 тұрғын үйдің шатырын ұшырды

Зеренді ауданында қатты жел 8 тұрғын үйдің шатырын ұшырды

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 13:00-де Зеренді ауданының Ақадыр ауылы аумағында екпіні 23 м/с жел тұрды. Соның салдарынан ауылдағы 8 үйдің жалпы аумағы 300 шаршы метр болатын шатыры желге ұшты.

Сонымен қатар, Ақадыр, Ұялы, Еңбекбірлік ауылдарында электр тарату желілеріне залал келіп, 247 абонент жарықсыз қалды. Қазіргі кезде, «Қуат энергопартнер» ЖШС-нің 5 адам және 1 техникасы табиғи апаттан келтірілген залалды жою бойынша жұмыс істеуде. Төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Ақмола облысының Зеренді ауданында қатты жел 8 тұрғын үйдің шатырын ұшырды. Қазіргі уақытта елді мекендерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдардың арнайы комиссиясы үйлерінің шатыры қираған тұрғындарға келтірілген залалды өтеу бойынша шешім қабылдайтын болады», – деді ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмолада денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымға жемқорлыққа қарсы комплаенс институты енгізілді

Денсаулық сақтау саласындағы 33 ұйымда комплаенс-мамандар жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеттері - құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін...

Ақмола облысында Антикор проблемалық әлеуметтік нысандардың құрылысын сүйемелдеуге алды

Ақмола облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Іс-шара барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас...

«Бала ақын – жас дарын» жас ақындар айтысы өтті

Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ерейментау аудандық мәдениет үйінде ақын, әнші, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мұса Мырзағұлұлы Асайыновтың 95...

Мәңгі естелік….

2024 жылдың 18 ақпанында қоғам қайраткері, орман шаруашылығы саласының ардагері, Сандықтау ауданының Құрметті азаматы Сабыржанов Шыңғожа Сабыржанұлы өмірден озды. Шыңғожа Сабыржанұлы дарынды басшы, білікті орманшы,...

Арқадағы Амал мерекесі: қызылжарлық өнерпаздар ақмолалық әріптестерімен көрісті

Көкшетауда Амал мерекесіне орай Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәдениет саласы өкілдерінің «Наурызнама бастауы – көрісу күні» атты мерекелік шарасы өтті, деп хабарлайды Kazinform. 14...