9.2 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Monday, October 3, 2022
9.2 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойСҰХБАТЖаңа Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге адамгершілік бағыт-бағдар береді

Жаңа Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге адамгершілік бағыт-бағдар береді

Қазіргі заманның мемлекеттік қызметшілері қоғам тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы тиіс, себебі олардың басты міндеті – азаматтардың қоғамдық мүдделері үшін қызмет ету болып табылады. Мемлекеттік аппарат ішіндегі және мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен, қоғаммен өзара әрекеттесуіндегі қарым-қатынас мәдениеті тұрғысынан мемлекеттік қызметтің негіз қалаушы принциптерін анықтау барысында көбінесе адами қасиеттерге, яғни мемлекеттік қызметшінің моральдық ұстанымдары мен құндылықтарына жоғары мән беріледі. Өйткені мемлекеттік қызметшілердің бойында дәл осы моральдық ұстанымдардың болмауы түбінде жағымсыз құбылыстарға, құқық бұзушылықтарға, жемқорлыққа алып келеді. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін азайтып, мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіреді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің мемлекет тұрақтылығының кепілі екені сөзсіз. Олар ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін, халықтың барлық топтарына ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етеді, адалдықтың, әділдіктің және кәсіпқойлықтың үлгісі болып табылады.

Әрбір қазақстандық мемлекеттік қызметші өз қызметінде мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін басшылыққа алуға міндетті. Кодекске сәйкес, олар жоғары кәсіби, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға тиіс. Әдептілік – өркениетті қоғамның адамгершілік қағидалары екенін есте ұстаған жөн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылғы қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында және кейіннен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысы сервистік және одан әрі клиентке бағдарланған болуы үшін «жаңа тәсілдерді» енгізуді және мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуды талап ететінін атап өтті.

Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру және халықпен кері байланысты жақсарту үшін жұмыс істеу қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Әдеп кодексінің қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсіну мен қолдануда маңызы зор.

Егер бұрынғы редакциядағы Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптарды да, олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттарын да біріктірсе, жаңа редакцияда этикалық талаптар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жатпайтын өзге де ережелерден бөлек қарастырылады.

Өзгерістердің Кодекстің құрылымына да қатысты болғанын айта кету керек, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» атты жаңа тарау пайда болды, соған сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген. Олар – адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретіндегі халықтың сұранысына бағдарлана отырып, жұртшылықпен жұмыс істеуге әзірлік танытуы және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге адамгершілік бағыт-бағдар беруге арналған. Оның мақсаты мемлекеттік қызметшінің өз жұмысының маңыздылығына сенімділігін арттыру және кодексте көрсетілген барлық қағидаларды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің жарқын үлгісі болғанына мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылады. Бұл, басқа сөзбен айтқанда, мемлекеттік аппараттағы кәсіби қызметпен айналысуға құқық беретін анттың бір түрі. Осылай ант беру арқылы мемлекеттік қызметшілер кодекс талаптарын бұзу қоғам мен мемлекет тарапынан сын тудыратынын түсінеді. Сәйкесінше, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың азаюына ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметтегі жағымсыз құбылыстармен тек жазалау шараларын қолдана отырып күресудің тиімділігі шамалы, өйткені ең алдымен бұл құбылыстардың түпкі себептерін жою қажет. Бұл жағдай да Әдеп кодексінің маңыздылығын көрсетіп отыр. Басқа сөзбен айтқанда, егер белгілі бір уәкілеттілікті теріс пайдаланудың, тәртіптік теріс қылықтардың, сыбайлас жемқорлықтың белгілі бір алғышарттары сақталатын болса, онда жағымсыз құбылыс жойылмайды. Сондықтан уақтылы алдын алу шаралары, оның ішінде Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, кәсіби әдеп пен іскерлік әдеп саласында қажетті білім деңгейін, оларды кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын қамтамасыз етеді.

Думан Қайратұлы Әбілев,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости