-22.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-22.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021Жаңа жеңістерге бірге жетейік!

Жаңа жеңістерге бірге жетейік!

Бұл “NUR-OTAN” партиясының алдағы сайлау алдындағы басты ұраны!

Алда -сайлау! 2021 жылдың 10 қаңтары! Қазір Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттардың депутаты болатын үмікерлер есімі белгілі. Сайлауалды үгіт жұмыстары басталып та кетті. Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс өткен 20 сьезінде елге салиқалы сөзін айтты. Тәуелсіз елдің әр даму қадамы көз алдында өткен Елбасы бүгінгі ел жетістіктері өз бетімен келе салмағандығын орынды айтты. Тәуелсіздік біздің ата-бабаларымыздың аңсарлы арманы болса, сол тәуелсіздікті бүгінгі ұрпақ жоғары бағалауға тиісті.

“Барымыз да, бағымыз да Тәуелсіздік” дегенді айтқан болатын Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл -ұлы сөз! Қолымыздағы осы бағымыз бен барымыздың қадыріне жетейік! Ел тәуелсіздігі нық болсын десек, алдағы сайлауды ойдағыдай өткізуге міндеттіміз! Қазір не көп, ұраншыл топ көп! Қазір не көп “NUR-OTAN”-ға күл шашып, өз партияларын аспандата мақтап жатқандардың үні шыға бастады! Апыр-ай, солар осы сайлауға дейін қайда болған, қайда жүрген?

Халық бір партияны ғана, “NUR-OTAN”-ды ғана біледі десем, артық айтқаным болмас! “NUR-OTAN” шынайы халықтық партияға айналғаны да қашан! Жәбір көргендер де, тұрмыстан зәрушілік көргендер де, ауыра-сырқағандар да көмек сұрап, кейде әділдік іздеп те осы “NUR-OTAN”-ға келетінін де кім жоққа шығара алар? Партияның есігі халық үшін күні-түні бір жабылмайтынын да білеміз,көріп те жүрміз!

Қазақстан өз тәуелсіздігі жылдарында әлемді сүйсіндірген табыстарға ие болса, сол абыройлы табыстардың барлығы да да “NUR-OTAN” партиясының басшылығымен келген табыстар еді!

Алдағы сайлау алды бағдарламасында “NUR-OTAN” партиясы нақтылы міндеттер белгіледі. Сол міндеттердің барлығын да халықтың өздері айтып, өздері белгіледі! Халықтың сол бағдарламасын сьезд мақұлдап, оларды жүзеге асырудың нақтылы жолдары белгіленіп, қажетті қаржы жайы да шешілді. Бұл орайда Қасым-Жомарт Тоқаев партияның сайлау алды бағдарламасы жайлы жасаған баяндамасында орнықты айтты.

Осы партиялық бағдарлама баршамыздың көңілімізден шықты және елдің болашағына деген сенімімізді нығайтты. !рине, адам болғанннан кейін әркімнің өз пікірі, өз көзқарасы бар. Сол әр адамның өз проблемалары да бар. Қоғамда кемшілік те жоқ емес! Кез келген мемлекетте де бар ол кемшіліктер! Партия оны білмей отырған жоқ, әбден біледі. Алаңдатып отырған сол кемшіліктерді бірге жеңуге шақыра отырып, партия қиындықты еңсеруге сенімді әрі нық қадам жасады.

Еліміздің тәуелсіздігі, бүгініміз бен болашағымыз бәрінен де қымбат! Қазақ елінің тыныштығы бұзылмасын! Елден бірлік кетпесін! Алдағы сайлауда бәріміз болып, Қазақ елін одан әрі дамыта да, осы заманның талабына сай өркендете де алатын партия “NUR-OTAN” үшін дауыс берейік! Бұл еліміздің тұрақты дамуының кепілі!

Жабал Ерғалиев

Қоғам қайраткері, жазушы-драматург

  «Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости