-22.8 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Sunday, November 27, 2022
-22.8 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойӨҢІРЛЕРАршалыЖаңа көшенің сапасы сын көтермейді-Жібек жолы ауылы тұрғындары

Жаңа көшенің сапасы сын көтермейді-Жібек жолы ауылы тұрғындары

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалы мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының өкілдерінен құрылған Халықтық бақылау тобының мүшелері Аршалы ауданының Жібек жолы ауылы көшелерінің сапасын тексеруде. Тексеріске аталмыш ауыл тұрғындарының арыз-шағымдары арқау болған.

Тұрғындардың айтуынша, жаңадан төселген ауылішілік көшелердің сапасы сын көтермейді. Асфальт төсендісі жарылып, шет жақ тұсы ойылып түсе бастаған. Сонымен бірге, жолдың ені тар, бұл көлік қозғалысына үлкен кедіргі келтіруде.

Осы мәселе бойынша «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалы мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының өкілдерінен құрылған Халықтық бақылау тобының мүшелері жолдың сапасына қатысты шешім шығаратын болады.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық

филиалының баспасөз қызметі.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости