Сенбі, Сәуір 20, 2024
25.2 C
Kokshetau
21 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
ЖаңалықтарӘлемЖапония өзінің мұнай резервін пайдалануды қарастырып жатыр

Жапония өзінің мұнай резервін пайдалануды қарастырып жатыр

Жапония үкіметі АҚШ-тың сұрауы бойынша өзінің мұнай қорын пайдалану мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл шикізат бағасының күрт өсуін тоқтатуға көмектеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK агенттігіне сілтеме жасап.

Қыркүйектің аяғында үкіметтің елдің ішінде 145 күні қолдануға жарайтын мұнай қоры болған. Ережелер бойынша бұл қорды тек тапшылық немесе табиғи апат кезінде пайдалануға болады. Олар өскен бағаны ұстап қалу үшін пайдалануға қарастырылмаған. Үкіметтің ресми өкілдерінің айтуынша, мұнай қорлары құқықтық негізде ғана нарыққа шығарылуы мүмкін. Ол үшін мұнай қорларын артық деп қарастыру керек, себебі соңғы жылдары мұнайға деген ішкі сұраныс азайып отырған.

Жапония премьер-министрі Кисида Фумионың әкімшілігі мұнайды нарыққа АҚШ және Оңтүстік Кореямен келісіп шығару мүмкіндігін зерттеп жатыр. Алайда оның пайдасы шектеулі болады. Себебі олар ұсына алатын қор көлемі аса көп емес.

Бұл Жапониядағы мұнай резервін алтыншы рет шығару болмақ. 2011 жылы олар жеке меншік секторы қорларынан екі рет шығарылған – бір рет наурыздағы цунамиден кейін, екінші рет маусымда Ливиядағы жағдай шиелінскеннен кейін.

Дереккөз: ҚазАқпарат

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...