8.3 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 17, 2022
8.3 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойSAILAU-2021Жарқын болашақ үшін !

Жарқын болашақ үшін !

Мәдениет – ұлттың қуаты, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани болмысы, ақыл-ой, парасаты.

Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады», – деп атап өтіп, «Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті – қазақ мәдениеті» деген еді.

Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.

Ұлттық мәдениеттің бір бөлігі, Аршалы өңірі, дарынды тұлғалардың мекені. Ауданымыздың мәдениет саласының қызметкерлері елдігімізді, ғасырлар бойы мұра болған асыл қазынаны – ұрпаққа жеткізу жолында ауқымды жұмыстар атқаруда. Өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз болып табылады.

         Бүгінгі күн – Тәуелсіз Қазақстанның, Мәңгілік Елдің келешегін кемел, болашағын жарқын ететін, ұлттық бірегейлігімізді танытуға үлес қосатын уақыт келді деп ойлаймын. Еліміздің жетекші саяси партиясы «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, мәдениетіміздің одан әді дамуына бірге ат салысайық!

Ақтан ЖАҢАБЕРГЕНОВ,

әнші

  «Nur Otan» партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости