Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
8.2 C
Kokshetau
8 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерШортандыЖеңіске бірге жетеміз!

Жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаев, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлнұр Сәдуақасова, Әділ Кауметов, Іңкәрім Қабылхан  Пригородное, Андреевка, Андреевка ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер мен мақсаттар бойынша жан-жақты түсініктеме  берді. Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.

Бағдарламада белгіленген дамудың жеті басымдығы талқыланып, оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау басты мәселе екенін айтқан болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарын алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмек көрсеткенін айтты.

– Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді,- деді ол.

Кандидат Гүлнұр Сәдуақасова өз сөзінде 2025 жылға қарай қабылданған шаралар жолдардың сапасын арттыруға және жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 58,2 пайыздан 80,5 пайызға дейін жеткізуге, 10 елді мекеннің 8 мыңнан астам тұрғынын сапалы жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлағаны туралы кандидат Марат Атабаев айтып, оның ішінде 3 ауыл – Ключи, Кмышенка және Новографское ауылдарының сумен қамтылатынын алға тартты.

 – Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі білім беру саласына қомақты әсерін тигізді. Қазіргі таңда білім беру мекемелері, оқушылар мен педагогтар қашықтықтан оқыту үдерісіне бейімделген. ҚР Үкіметінің резервінен қашықтықтан оқытуды жетілдіруді ұйымдастыру мақсатымен ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында 1119 бірлік компьютерлік техника, 938 ноутбук, 103 планшет бөлінді, – деп атап өтті аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әділ Кауметов.

Сонымен қатар кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға нақты жауаптарын берді. Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген басымдықтарды қолдайтындарын айтты.

Болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таратып, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық көзқарас танытуға шақырды. Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...

Ақмола облысында сот органдарына антикорновеллалар түсіндірілді

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде Департамент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасының міндетін атқарушы және ұжымымен кездесу өткізді. Сөз сөйлеу барысында Департаменттің...

Ақмолалықтар республикалық «Таза Қазақстан» акциясын жүзеге асырып отыр

Кеше еліміз бойынша "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы басталды. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыптарда өтетін болады. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді....

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...