15.1 C
Kokshetau

Наш WhatsApp: +7 (775)-522-54-11

Wednesday, August 10, 2022
15.1 C
Kokshetau

Электронная почта: koksheinform@mail.ru

|

Whats App: +7 (775) 522 54 11

ДомойБасты жаңалықЖол құрылысындағы заңбұзушылықтар азаяр емес

Жол құрылысындағы заңбұзушылықтар азаяр емес

Жол сапасы қанша жерден қадағаланып жатса да, құрылыс барысындағы кемшіліктер мен заңбұзушылықтар азаяр емес. Бұл туралы Көкшетауда өткен жол сапасын бақылау жөніндегі жиында белгілі болды. Жиынға облыстық автомобиль жолдары басқармасы, Жол активтері Ұлттық сапа орталығы мен «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты. Облыстық антикор орталығы мұрындық шарада биылғы жылдың тоғыз айында жасалған жұмыстар сараланды.

Мәселен, жыл басынан бері Жол активтері Ұлттық сапа орталығына қарасты Ақмола облыстық филиалының қызметкерлері аймақтың 6 ауданы мен Көкшетау және Степногорск қалаларында 20 шақты жол бөлігіне тексеріс жүргізіп, 66 заңбұзушылықты анықтаған. Барлық кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге ескерту жасалып, кейбіріне тіпті, әкімшілік айыппұл салынған.

Айталық, Степногорск қаласында техникалық бақылау мекемесі, жол салу кезіндегі олқылықтарға селқос қарағаны үшін 180 АЕК (500 040 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал, осы шаһардағы көше жөндеу ісін мойнына алып, жұмысын жөнді атқармаған мердігер, 200 АЕК (555 600 теңге) шамасында айыппұл арқалады. Осындай тексерістерге облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жанынан құрылған арнайы мониторинг тобының мүшелері де қатысады.

Департамент басшысы Мұрат Төлебаевтың айтуынша, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері кемшілік анықталған жол бөліктеріне алдағы уақытта қайта оралады. Яғни, сапа, үнемі бақылауда болмақ. Сондай-ақ, оның сөзінше сапаны қадағалауды одан әрі күшейту қажет. Себебі, кемшіліктердің кемитін түрі жоқ. Сондықтан, алдағы уақытта жол құрылысын қатаң бақылауға алуға мүмкіндік беретін жаңа жоба әзірленуі мүмкін.

Жарнамаspot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Популярные Новости