Жұма, Сәуір 19, 2024
13.2 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерАтбасарЖол сапасын жақсартамыз! Жаңа үйлер саламыз!

Жол сапасын жақсартамыз! Жаңа үйлер саламыз!

Атбасар аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткерлер «Лана» ЖШС-нің жұмыскерлерімен диалог алаңын құрды. Олар кәсіпорын жұмысшыларын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдрламасының негізгі мақсаттарымен таныстырды.

Құрылыс мекемесінің жетекшісі Р. Зарахов халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселесі бойынша сөз сөйледі. Бұл мақсатта партия 29 көппәтерлі үйдің құрылысын жүргізуге атсалысатын болады. Барлығы 1580 пәтер, оның ішінде 810-ы жалдамалы, ал 270-сі несиеге берілсе, 69-ы  жеке тұрғынүй болады. Атбасар қаласында екі 45 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй құрылысының жобалық сметалық құжаты жасалынуда.

Қан орталығының ғимаратын жөндеуден өткізіп, медицина қызметкерлеріне баспана ретінде беру, орталық қазандықты қайта жөндеуден өткізу және жылу жүйелерін салу жоспарда бар. Ауданның төрт ауылында сумен қамту нысандарын, Атбасар қаласына қарасты Степной ауылындағы насостық станция мен таза су резервуарын қайта жаңғырту жоспарланған.

Жол – әрбір ауданның артериясы деп текке айтылмаған. Депутаттыққа үміткер М.Токарев қаланы көріктендіру, абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары мен жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы жайлы айтып берді. Бұл жұмыстардың барлығы да «Nur Otan» партиясының басшылығымен жүзеге асып отыр. Сонымен қатар, еліміздің бас партиясы тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын қымбаттатпау мақсаты қойылған. Бұл ретте жыл сайын кем дегенде 10 ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізілмек.

№5 мектеп директоры Ш.Баймағанбетова «Лана» ЖШС жұмыскерлері алдында сөйлеген сөзінде ауыл халқының өмірінде жақсы өзгерістер көп, дәлірек айтқанда мектепке ағымдағы жөндеуден өткізілді, ал келесі жылы күрделі жөндеу жасалады. Кәсіпорын тұрақты түрде жұмыс істеп келеді, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуде, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Егер жұмыс болса, әрбір отбасында береке мен амандық болатыны даусыз. «Nur Otan» партиясы аудан экономикасының тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жалақының өсуіне бар күш-жігерін салуда.

«Nur Otan»-ға дауыс бер!Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясы Сайлау қорының Ақмола облысы Атбасар ауданының қаражатынан төленді

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға және тілеулестік танытқан шет мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және...

Автожолдарды топан судан қорғау

Ақмола облысында су тасқынын алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда Ақмола облысының Қосшы, Жібек Жолы және Атбасар елді мекендерінде «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мамандары...

8 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 07.12.2023 жылғы № 237 бұйрығына сәйкес Бурабай...

Мемлекеттік қызмет істері департаменті жыл басынан бері 22 көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтірді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Мәселен, 2024 жылдың I тоқсанында...

Департамент шаралар қабылдағаннан кейін азаматқа жеке меншікке жер учаскесі берілді

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментіне Көкшетау қаласының әкімдігі «Жер учаскесін жеке меншікке немесе бөліп-бөліп сату» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тару мәселесімен...