Ақмола облысы бойынша ПД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, соңғы тәуліктің ішінде өңірде екі жол-көлік оқиғасы орын алып, одан 3 адам жан тәсілім еткен.
Біріншісі 19-шы қыркүйек күні сағат 20:50-де Астрахан ауданында орын алған. Аудан орталығының Достық көшесінде жолдан өтпек болған 51 жастағы ер адамды көлік қағып кеткен. Осыған байланысты «Нива» көлігінің 57 жастағы жүргізушісінің үстінен ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалды.
Ал, екенші жағдай «Жақсы-Державинск» тас жолының 67 шақырымында тіркелген. Доңғалағы тесіліп, жол апатына ұшыраған «Lada-21703» көлігінің 19 жастағы жүргізуші мен 18 жастағы жолаушысы көз жұмған. Бұл оқиғаға да байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша іс қозғалды.